Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше 10 елдің ресмилері қазанның 16 мен 20 аралығында Ауғаныстанның батысындағы Херат қаласына жиналды. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының министрлер кеңесі жыына бір рет кездесуін өткізіп тұрады.
Бірақ, соғыстан кейінгі Ауғаныстан үшін бұл дұрысырақ жағдайға қарай қадам басу болып отыр. Аймақтағы үкімет мүшелері қатысатын бұл жиында олар өз халықтарының келешегін жақсарту үшін қалай бірге жұмыс жасай алатынын талқылайды. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына Ауғаныстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Түркия мен қатар, бұрынғы совет елдері болған Орта Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан мемлекеттері мүше болып табылады.
Азаттықтың Азат Ауған радиосы Херат қаласында жиынға дайындалып жатқан Ауғаныстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Султан Ахмад Бехинмен сұхбаттасқан еді:
“Бұл конференция екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі сәрсенбі-бейсенбі күні өтеді. Онда Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен жоғарғы деңгейдегі ресмилер кездеседі. Олар әртүрлі мәселелерді талқылайды. Конференцияның негізгі бөлігі Сыртқы істер министрлерінің кездесуі сенбі күні болады. Онда сыртқы істер вице министрлері өз қортынды құжаттарын сыртқы істер министрлеріне мақұлдауға ұсынады. Бұл кездесуде, экономикалық мәселелер, сауда, көлік және басқа да аймақтық ынтымақтастық жағдайлары талқыланады”.
Ауған сытрқы істер министрлігінің өкілі Бехин сонымен қатар, сыртқы істер министрлері бұл басқосуда Ауғаныстанды қайта құруға арналған халықаралық донорлық қорларды талқылайды деген өзінің үмітін білдірді. Қабул үшін бұл кездесу аймақтық ресмилерге Ауғаныстанның келешекте Таяу Шығыс, Орталық Азия және Оңтүстік Азия арасындағы көлік және сауда орталығы бола алатын мүмкіндігін көрсету болып отыр:
“Саясат бойынша біз аймақтық ынтымақтастыққа қолдау танытып келеміз. Біз Ауғаныстанның азиялық елдер арасында көпір болғанын қалаймыз. Егер сіз картаны қарасаңыз, негізінде біз бұл тұрғыда мақсатымызға жеттік. Транспорт пен тасымалдау аймағының өзін алсақ, оның бәрі Ауғаныстан арқылы өте алады. Және барлық осы мәселелер тек экономикалық жағынан ғана емес, қауіпсіздік әрі әлеуметтік даму жағынан маңызды. Бұл Ауғаныстан үшін алтын мүмкіндік”.
Құрама Штаттардың ауылшаруашылық саласы бойынша мамандары бұл экономикалық жиынға бақылаушы ретінде қатысады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге, халақыралық кездесуге Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкінің өкілдері және БҰҰ-ның бірқатар ұйымдары қатысатын болады. Сыртқы істер министрлігінің өкілі, талибандар тарапынан болуы мүмкін қандайда бір шабуылдың алдын алып, Херат қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтты. Бехиннің айтуынша, Херат қаласына Ауған ұлттық полиция күштерінен қосымша 2,500 полиция орналасқан.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы министрлер кеңесінің соңғы басқосуы 2006 жылы Бакуде болған. Бұл ұйымға мүше елдердің басшылары 2008 жылы Пәкістанда саммит өткізеді.