Бұл сьезде Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің 350-ден астам мүшесі іріктеледі. Дегенмен де көптеген бақылаушыларды осы билік пирамидасының ұшар басында не болып жатыр деген мәселе қызықтырады. Соңғы сьезден бері елді басқарып келе жатқан Ху Жинтао Коммунистік партияның бас хатшысы ретінде қайта сайланып және өз кезегінде ел президенті болып қала беретінге ұқсайды. Онымен бірге премьер-министр Уен Жиабао да өз қызмет орнын сақтап қалуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар бұл уақытта Ху Жинтао саяси бюроның тұрақты комитетіне мүшелікке өзі сенім білдіретін адамдарды енгізуі ықтимал. Кейінгі жасаңдау ұрпақтың екі өкілі- Ли Кекиаң және Хи Зинпиң бес жылдан соң болатын келесі сьезде Ху мен Уеннің ізбасарлығына лайықталып тәрбиеленген.
Ли Кекиаң Қытайдың солтүстік батысындағы басқаруға қиындау Лиаонинг аймағының жақсы істерімен көрініп жүрген хатшысы. 52 жасар бұл заңгер Коммунистік партияның жастар лигасынан шыққан. Ал екінші өкіл Хи Зинпиң осыдан алты ай бұрын елдің қаржылық орталығы - Шанхайдың хатшысы болып қызмет баспалдағы өскен еді. Бұл қызметті оған дейін атқарған адам жемқорлыққа қатысты дау-жанжалмен орнынан кетірілген болатын.
Хи Зинпиң де заңгер, оның жасы 54-те, төңкерісшіл болған әкесінен тартып оның өмірбаянында ешбір ақтаңдақ жоқ деп есептеледі. Британия Оксфорд университетінің сарапшысы Рана Миттер коммунистердің жетекшілік құрылымындағы өзгерістер турасында былай дейді.
- Қытай коммунистік партиясы жетекшілігіндегі қазіргі құрылымды фракциялық топтардың жай ғана өзара қырқысы деп түсіну қателік болар еді. Мұндай жағдай 1960 жылы орын алған еді, онда төраға Мао Цзэдун мен оның өз партиясының мүшелері арасындағы келіспеушілік қақтығысқа ұласып, оның соңы Мәдени төңкеріске жеткізген еді, - деп атап көрсетеді.
Миттердің айтуынша, бүгінгі келіссөздер жетекшіліктегі мәселелерді шешуге арналған. Ол Ху Жинтаоның қазіргі саяси бюроның ішінде нақты жауы болатындай адам жоқ дейді. Ең басты келіспеушілік- ерекше қарқынды экономика дамуына қаншалықты күш жұмсау керектігі төңірегіндегі көзқарас айырмашылығында дейді сарапшы.
- 1980-1990 жылдары Қытайдың аса шапшаңдықпен дамыған қарқынды экономикасы болса, енді олар экономикада ғана емес барлық салада бәрін де реттеуге тырысуда, әрине оның қатарында Қытайдың басты әлеуметтік-экономикалық мәселесіне жататын қоршаған орта да бар.
Ху Жинтаоға жылдам даму бригадашыларымен байланысты ықпалды тұлғалардың бірі, вице-президент Зең Кингонгтың жақында зейнетке кетуі де көмектесуі мүмкін. Ол бұрын Ху Жинтаоның басты бәсекелесі болған.
Ху Жинтао үйлесімді қоғамды жақтайды, ол байлар мен кедейлердің арасындаға алшақтық аз болсын, әлеуметтік қорғалу күшейтілсін, қарқынды даму барысында қоршаған орта мен ауаға келтірілген зиян азайтылсын деген бағыттарды жақтайды. Сонымен күтілгендей егер Ху Жинтао партия басшылығын күшейте алса, әлем саясаттағы үлкен өзгерістерді көре ала ма?
Вашингтондағы Джон Хопкинс атындағы қазіргі халықаралық зерттеулер мектебінің талдаушысы Дэвид Ламптон олай деп ойламаймын, қандай да бір үлкен өзгерістер бола қоймайды дейді. Сарапшылар жетпіс жасына қараған Ху Жинтао сонау Мао кезеңінің соңғы жылдарында елде орын алған бей-берекеттікті естен шығармайды, сондықтан ол өзінің бұл жолынан таймайды деген пікірлерін білдіреді.