«Азаттық» радиосының тілшісі Шекарасыз репортерлер ұйымының Европа және пост-советтік бөлімшелерінің басшысы Елза Вайдлға бірнеше сұрақтар қойған еді.
- Алдымен 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы ТМД елдерінде баспасөз бостандығы бағытында қандай айырмашылықтар байқалды екен?
Бұл сауалға Елза Вайдл былай деп жауап берген:
- Аталған аймақ үшін ең дұрыс көрсеткіш қол жеткен деңгейді ұстап қалу, 77 орын мен 66 орындардан көрінген Армения мен Грузияны есепке алмағанда бұл елдерде сол жеткен жерде тұру дәрежесі деуге болады.
- Түркменстан тағы да ең төменгі орыннан табылып отыр, бұл жолы Солтүстік Корея мен Эритерия елдері қатарынан. Мұның өзі президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін елде еркіндік туады деген үміттің ақталмағаны ма?
- Әзірге бұл ретте қандай да бір қорытынды жасауға тым ертерек. Түркменстанның бұл тізімде соңғы орындардың бірінде болуының себебі онда түбегейлі құрылымдық өзгеріс әлі бола қойған жоқ. Бізде үміт бар, бірақ өкінішке қарай ол үміт нақты бір жетістіктермен бекітілмейді. Бұлай деген күнде де Түркменстанда бірнеше интернет кафелерінің ашылғаны және аз да болса, Түркмен ресми веб-сайтына сіз бен біздің өз комментарийлерімізді жаза алатын мүмкіндік туғанының өзі, мұндағы демократиялық талаптардың мүлде шектеулі екендігімен салыстырғанда, өте үлкен қадам. Түркменстанға әлі де біраз уақыт беру керек, егер онда нақты шаралар жасалып жатса, біз ол елді жоғары орындардың біріне жылжыта аламыз, - дейді Елза Вайдл.
Ал Орталық Азия аймағы туралы сөз болғанда Елза Вайдл Өзбекстанға басты назар аударды.
- Баспасөз бостандығы саласында Өзбекстандағы жағдай нашарлай түскен, мұнда журналистерді, белсенділерді, атап айтқанда, адам хұқтарын қорғаушыларды түрмеге жабу жалғасуда, тәуелсіз баспасөз өкілдері де көптеп қамалды, тұтқындалғысы келмеген журналистер тыныш жүруге тырысады. Біз сондай-ақ көптеген журналистер өздерінің бұрынғы әріптестерін, белсенділерді сынап, бастапқы бағытынан бас тартқан соң, босатылғандығының куәсі болдық. Осы жайттардың бәрі Евродақ Өзбекстанға салынған санкцияларды алып тастау турасында шешім шығарған уақытта болып жатыр, Өзбекстан баспасөз бостандығы көрсеткіші бойынша тізімдегі- 160 орында.
Баспасөз еркіндігі саласында қатты алаңдаушылық туғызатын елдің бірі Беларус дейді Елза Вайдл. Ал Ресей болса 144-ші орында, оның басты себептері дейтін болсақ, өкінішке қарай соңғы жылы Ресейде журналистерді нысанаға алған қақтығыстар көп болды. Ресейде "Эхо Москвы" радиосын қоспағанда, мемлекеттік теледидар мен радиостанцияларда оппозиция өкілдеріне сөз берілмейді деп атап өтеді Елза Вайдл.
Шекарасыз репортерлер ұйымының өкілі сондай-ақ Қытай сияқты бірқатар елдерде интернетті пайдалануы шартының шектеулі екендігін , 2007 жылы интернетте жарияланған түрлі материалдары үшін әлемде кемінде 64 адамның түрмеге жабылғанын айтады.
Әлемдегі баспасөз бостандығы бойынша бұл жылдық есепте Қырғызстан – 110-шы, Тәжікстан – 115-ші, Қазақстан - 125-ші орындарға орналасқан екен.