Accessibility links

Мұнай бағасының қарқынды өсуіне қандай факторлар әсер етуде?


Шикі мұнай бағасының қарқынды өсуі жалғасып, соңғы саудада оның бағасы бір барреліне 90 доллар болды.Бұл Ресей сияқты мұнай өндірушілеріне өте тиімді. Мұнай бағасының бір долларға өсуі Кремльді жылына 3,4 млд долларға байытады екен. Бұл әсіресе Солтүстік жарты шардағы импортерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр.

Мұнай бағасының өте қарқынмен өсуіне көп факторлар әсер етуде. Өнеркәсіп саласындағы мамандардың айтуынша, сұраныс пен ұсыныс сияқты негізгі нарықты жүргізушілер, оған қосымша геосаяси қысымдар, және доллардың құлауына қатысты алаңдаушылықтар бар.

Бұл тұрғыда Лондондағы Ғаламдық энергетикалық зерттеулер орталығының мұнай мәселесі бойынша сарапшысы МанучирТакиннің айтуынша, мұнайға қараған кезде, бүгінгі бағаның қазіргі талаптарға әсер ететінін сол сияқты алдағы талаптарға да салдары болатынын есімізде ұстау маңызды:

“Біз әрдайым мұнай базарында адамдар нақты шикі мұнайды сатып алатынын әрі сататынын санамызда ұстауымыз керек. Бірақ, сондай-ақ, олар алдағы нарықта өте белсенді. Олар баррел қағаздарын бірнеше ай-жылдар сатып алып, сатып жатады. Тіпті бір немесе екі, үш, төрт немесе одан да көп жылдардың алдында саудаға салады. Сондықтар, ол бағаға әсер ететіндей алдағы айлар мен жылдарда не болуы мүмкін деген болжамдар мен күтулер”.

Ғаламдық болжамдар мұнайға деген сұраныс қысқа мерзімге болса да бағаны өсіруін жалғастырады. Еуропадағы экономиканың қатты өсуі мен Қытайдағы Солтүстік Американың қарқынды қозғалысы және Азияның басқа да бөлігінде экономикалық өсімнің күшеюі энергия көзіне деген сұраныстың тез көбейгенін білдіреді. Бұл тұрғыда мұнай сарапшысы Такиннің сөзіне қарағанда:

“Онда соңғы біраз жылда сұраныс қатты өседі деген факті қордағы өсімді ұстау мүмкіндігі жоқтығын білдіреді. Бірақ, ол ақырындап болады. Әлемдегі өнеркәсіп инвестиция салып жатыр, бұрғылау көбірек жүріп, мұнай кеніштері дамып жатыр. Бірақ, онда мұнай кеніштерінің әрқалайлығана байланысты қордағы өсім сұранысқа жеткенге дейін 3, 4, 5, 6, 7 жылға кешігу бар. Сондықтан, соңғы жылдары, әсіресе осы жылы бізде жетіспеушілік жоқ, бірақ сұраныс пен ұсыныс арасында қатты тепе-теңдік бар”.

Жанар-жағар май өнімдерін қайта өңдеуге келгенде, жоғары сұраныс жеткіліксіз жабдықтау арасындағы теңсіздік тіпті қатты көрінетін болады дейді мұнай сарапшысы:

“Онда сондай-ақ, жанар-жағар майдың сұранысы мен ұсынысы бар. Ол жерде бізде қайта өңдеу мүмкіндігінде басқа да қысым бар. Дүниежүзінде қайта өңдеу жұмыстары көбейді, бірақ ақырын деңгейде. Сондықтан, бұл бағаға әсер етіп жатқан мұнай шикізаты қана емес. Тұтынушылар шикізатты алғысы келмейді. Олар бензин, мұнай газ, мұнай дизелі сияқтыларды қалайды. Және қайта өңдеушілер де көлемін шектеп отыр. Әлемде жаңасы салынып жатыр, өнеркәсіп бейімділігін арттыруда, бірақ әлбетте ол да уақыт алады. Сол себепті бізде олардың негізі аралас, шикізат сұранысы мен ұсынысы сол сияқты мұнай өнімдері үшін сұраныс пен ұсыныс”.

Сосын ол жерде барлық жағынан маңызды геосаяси факторлар бар. Түркияның Ирақтың солтүстігінде әскери операция жасауға дайындалып жатқан қадамдары мен оған қоса бұрыннан келе жатқан Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыс мұнай саласын алаңдаушылықта ұстап отыр. Күн сайын парсы шығанағындағы Ормуз бұғазында мұнай танкерлері 16-17 млн баррель мұнай шығарады. Сарапшылар егер әскери қақтығыс болса, ол тасымалдаулар бұзылуы мүмкін деп қорқып отыр. Онымен қоса, мұнайдың бағасы да доллармен екені белгілі. Көп сарапшы АҚШ долларының құнсыздана беруі мұнайға бағаны өсіруге жол ашады деп отыр. Сарапшы Такин бұл оңай теңестіру емес дей келе:

“Бұл шынымен қиын мәселе. Мен бұл доллардың құны мен мұнайдың бағасы бір-біріне бағынышты деп айта салу оңай деп ойламаймын. Бірақ, көптеген сарапшылар соңғы бірнеше аптада доллар әлсізденген соң, мұнайдың бағасы да өсіп барады, өйткені, халықаралық нарықтағы баға доллармен есептеледі, сол себепті доллардың құны түсіп кетті деп айтып жүрді. Алайда, менің пікірімше бұл оған мысал бола алмайды. Жалпы, десе де бұл да фактор”.

Мұнай бағасының қаншалықты жоғарыға көтерілетінін ешкім де болжай алмайды.
XS
SM
MD
LG