«Айқын» газеті Қазақстанда баспана мәселесінің қиын екендігіне, оның ішінде пәтерді жалға алу бағасының жоғары екендігіне «Жалға берудің жабайы тәсілі» атты журналистік зерттеу мақаласында тоқталады. «Қала ішіндегі тұрғын үйлерден бір бөлмелі пәтерді жалға алу бағасының орташа бағамы бүгінде 350-450 АҚШ доллары. Екі бөлме 700-800 доллардың үстінде. Ал Қалқаман, Мамыр, Дорожник, Ђжет секілді шалғай орналасқан аумақтардағы «времянкалар» құны едәуір арзан», - деп жазады «Айқын» газетінің тілшісі. Бірақ қаладағы арзан баспаналардың кемшілігі – суы сыртта, жылуы жалдап тұрушыдан». Басқаша айтқанда, бұл аймаққа газбен жылыту жүйесі әлі жетпегендігін» тілге тиек етеді мақала авторы. Әрі қарай мақала авторы пәтерді тауып беретін маклерлердің әр қилы алаяқтық әрекеттерін баяндайды. Макелерлер мен пәтер иелерінің тұруға жарамсыз үйлерді асыра мақтап, көрсеткені үшін ғана 500-ден 2 мың теңгеге дейін алуы немесе екі бөлмелі пәтерді тақайлармен бөліп тастап, төрт бөлме жасап, тұрғындарға беруі және басқа да келеңсіз жәйттардың жиі болатындығын тілге тиек етеді газет тілшісі. «Ең өкініштісі, Үкімет те, шетелден миллиардтап тартқан инвестиция да, ақыр аяғы қаламыздың сәнін бұзып тұрған осынау «жетім бұрыштарда » еліміздегі баспана мәселесін шеше алар емес. Осыған қарағанда, халқымыздың әлі де талай жылдар біреуге кіріптар боп, жеке баспана ала алмайтыны даусыз», - деп мақаласын аяқтайды «Айқын» газетінің тілшісі.
Бұл уақытта «Экспресс К» газеті парламент мәжілісіне Қазақстанның тұрғын-үй коммуналды саласын реформалауға арналған заң жобасы түскендігін хабарлайды. Мақалада айтылған деректерге қарағанда, заң жобасына сәйкес тұрғындар пәтер сатып алған кезде тұратын аумақты ғана емес, үйдің жертөлесі, баспалдағы сияқты бөліктерін иемденіп, оларды жөндеу сияқты міндеттерді мойнына алуы тиіс. «Алайда, қосымша жүктелетін жеке меншік орындарды күтіп-қарауға шамасы жоқ мүгедектер, ардагерлер мен жағдайы нашар жандар одан босатылады. Бұл үшін оларға арнаулы тұрғын үй төлемақысы беріледі», - деп жазады «Экспресс К» газеті. «Аргументы и факты Казахстан» газетіндегі «Басы артық адамдар» деген мақалада Қазақстанда тұрғын үйге қатысты жетілмеген заң нормаларының қайта қолға алына басталуы дұрыс екендігі жазылады. Мақала авторы Павлодар қаласында қала картасында көрсетілмеген, кезінде құлатылуға жатқызылып, сол күйі қалып қалған үйлердің болуы қазір тұрғын үй заңының дәрменсіздін көрсетіндігін тілге тиек етеді. Мақалада картада жоқ барак үйлердің жермен жексен болуға аз-ақ қалғанына қарамастан, жергілікті әкімшіліктің ондай үйлерге де, олардың тұрғындарына да назар аудармайтындығы баяндалады.
«Литер» газеті болса, мамандардың Қазақстанның әр азаматына тегін 10 сотық жерден беру туралы қаулыны алып тастап, құрылыс компанияларын қолдау бойынша кезекті бағдарлама жаасуды ұсынып отырғанын жазады. Мақалада құрылыс саласындағы сарапшылардың жерді мемлекетке толық беру мәселесін көтеріп отырғанын баяндайды. Мамандар мемлекет құзырындағы жерлерді коттедж қалашықтар салу үшін ірі құрылыс салушыларға беруі қажеттігін айтыпты «Литер» газетінде. Олардың пікірінше, сол кезде жер де игеріледі, сәулет өнері де дамиды.
Бұл кезде «Время» газетінде «Қазстрой» компаниясының салымшылары алданғандарын айтып, Алматы қалалық әкімшілігі алдында наращзылық шарасын өткізгенін жазады. «Казстрой» құрылыс компаниясы бірнеше блоктан тұратын үйді 2005 жылы салып, өткізуі тиіс болатын. Бірақ, мақала авторының айтуынша, А блогындағы үйде адамдар тұрып жатқанына қарамастан, әлі күнге дейін жылу, су беріліп, электр жүйесі тартылмаған. Ал Б бөлігіндегі үйлерді салуға ақша жетпегендіктен, құрылыс ақталмай, тоқтап қалған. «Алматыда құрылысшылардың салымшылары алдындағы міндеттерін орындай отырғаны осымен үшінші рет», - деп жазады «Время» газетінің тілшісі. Жалпы газетте келтірілген мәліметтерге қарағанда, Алматыда тұрғын үй құрылысына үлес ретінде ақша құйған 12 мың салымшы бар, 24 мың пәтер салыну үстінде. «Салымшылардың көбі ірі компанияларға ақша құяды. Ал қиындықтар әдетте өз міндеттерін орындай алмайтын ұсақ құрылыс кәсіпорындарына байланысты туындайды», - деп жазады «Время» газеті.