Жыл сайын Еуропалық Кеңеске мүше он мыңдаған адам Адам Құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа келіп шағымданады екен. Олар кең көлемде полиция тарапынан құқықтары аяқ асты етіліп отырғанынан бастап, зейнетақы төлемей, сөз еркіндігін шектеп, сот шешімін орындау сияқты мәселелерде ел үкіметінің өз құқықтарын бұзып отырғанына өтемақы өндіріп беруін сұрайды.
Ондай арыз-шағымдардың қатары 1990 жылы Совет Одағы құлаған соң Еуропалық Кеңеске қосылған әділеттік жақсы орнай қоймаған елдерден келіп түседі екен. Мәселен, өткен жылы Еуропалық сот Грузиядан 112, Молдовадан 641 және Украинадан 4146 істі қабылдаған.
Осындай елдердің азаматтарының бірі “Журналистік Зерттеу орталығы” деп аталатын баспасөз еркіндігі жөніндегі ұйымның басшысы әзірбайжандық Шейда Насибованың шағымы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотта қаралды. Ол Әзірбайжанның Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден өткізуден бас тартқан соң Еуропалық сотқа шағымданған. Азаттық радиосына айтқанында Шейда Насибова, өзінің Страсбургтегі сотқа өзінің еліндегі заңсыздықтан кейін қайрылғанын айтады:
“Мен үшін Әзірбайжан сотынан жоқ деген жауап алу, Адам Құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың ия дегенінен де қиын болды. Әзірбайжан сотындағы істер ылғи да ұзаққа созылады. Ақырында, мен Еуропалық сотқа қайрылуыма тура келді”.
Адам Құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот қазанның 18-інде, Әзірбайжан билігі Насибованың құқығын бұзып отыр деп тауып, ел үкіметі Насибоваға моралдық шығын ретінде 4260 доллар өтемақы төлеуі тиіс деген үкім шығарды. Бірақ, шағымданушы Насибова өзінің сотқа ақша үшін емес моралдық шығын үшін қайрылғанын айтады:
“Мен бұл сотта шынымен ақшалай жағынан мүдделі болған жоқпын. Шындығы сол, сот менің құқым маңызды екенін көрсетті. Ол мені шынымен де қуантып отыр”.
Бұл сот үкімінен екі күн бұрын қазанның 16-да, молдовалық журналист Петру Пойата өз елінің соты жазған мақаласы үшін өзіне кешірім сұратқызып, айыппұл төлеткізгені үшін Страсбургтегі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа шағымданған. Ол мақаласында журналист Пойата Молдовадағы қоғамдық көлік бизнесіне парламентегі коммунистік депутат Виктор Степанюктің араласып отырғанын сынаған. Пойата өзінің ол мақалада автобус компаниялары мен жүргізушілерінің айтқанын жаздым деген. Енді Пойата бұл ақпарат өкілдерін тұншықтыруды күшейтіп отырғандарға қарсы сот үкімі бүкіл молдовалық журналистер үшін жеңіс дегенді айтады:
“Менің пікірімше, бұл журналистер үшін біздің бәріміз үшін жеңіс. Осы күндері мен Флакс дееген газетте жұмыс істеймін, әрбір күні мен әріптестерімнен тек адамдардың пікірін бергені үшін сотқа тартылып жатқаны туралы естимін. Барлық журналистер адамдарға өз пікірлерін айта алатын құқын пайдалану мүмкіндігін береміз”.
Еуропалық сотқа Армения азаматтарынан да көп шағымдар келіп түсіп жатады. Осы жылы сот Армения үкіметін көшедегі шеруге шыққан оппозициялық саясаткер Армен Мкртчянды қамап қойғанын айыптаған үкімін шығырды. Сонымен қатар, сотта Арменияның 2002 жылы әуеге шығуын тоқтатқан “А1 плюс” теле арнасының шағымын қарап жатыр. Ол компанияның басшысы Мовсиян өздерінің адам құқының бұзылуы мен сөз еркіндігінің шектеліп отырғанына байланысты Еуропалық сотқа қайрылғанын, енді сот шешімін күтіп отырғандарын айтып отыр.
Осы жылы Страсбург сотында Ресейдің федералды күштерінің Шешенстандағы қатыгездік әрекеттері жөнінде қарап жатыр. Бұл жерде Ресей әскерлері ұстап әкеткен баласы мен күйеуі із-түзсіз жоғалып кеткен шешенстандық Марзет Имакаеваның шағымы да қаралды. Ол өзінің баласын табу үшін сотқа шағымданғанын айтады, ал ресми адамдар келіп, егер Еуропалық сотқа берген шағымыңды қайтарып алмасаң, оның зардабын тартасың деп қорқытқанын да айтып отыр. Сот Ресейге бұл Имакаеваға моралдық шығын ретінде 128 мың доллар төлеуді тапсырды.