Былтыр қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы «Рахат Әлиев жауап беруі тиіс» деген атпен «Жас алаш» газетінде мақала жариялапты. Онда ол президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің Алтынбек Сәрсенбайұлы президенттің бұйырғымен өлтірілді деп, «Азаттық» радиосына берген сұқбатына орай өз пікірін ортаға салады. Мұнда «елді дүрліктіретіндей ешқандай жаңалық жоқ», «бұл – отбасылық-кландық жүйедегі еркетотайдың өзін қорғау үшін қолданған тәсілі, әдеттегі айласы» деп есептейді Рысбек Сәрсенбайұлы. Ол: «Рахат Әлиевтің сотқа келіп, кінәсіздігін дәлелдеуі, жәбірленуші жақтың сұрақтарына нақты жауап беруі, өзі үшін әлдеқайда пайдалы болар еді» дейді. Әрі қарай мақала авторы Рахат Әлиевке арнап мынандай сұрақтарды қояды: «Оппозиция қайраткерін және оның серіктерін ұрлап алып кетудегі, өмірлерін қиюдағы ҰҚК мен оның арнайы бөлімдерін қатыстырып, іске асырудағы ҰҚК-нің экс-төрағасы Нартай Дүтбаевтың атқарған рөлі қандай? 2006 жылы 11 ақпанда Нұртай Әбіқаев пен Нартай Дүтбаев қайда болған? Әбіқаев Клагенфурт қаласына президент Назарбаевпен кездесу үшін ақпан айының нақытылы қай күні келген?» - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы «Жас алаш» газетінде. Сонымен бірге ол: «Бұл өте жоғары лауазым иелерінің Австриядағы кездесуі Әлиев айтқан айыптауға дәлел болмасы түсінікті» дей келіп, «Президент Назарбаев Әбіқаевқа Алтынбек Сәрсенбайұлының көзін жою туралы бұйрық бергенін дәлелдейтін аудио немесе көріністі жазбалар бар ма? Немесе тірі куәлер, құжаттардың түпнұсқасы бар ма? Тапсырыс беруші мен қылмысты ұйымдастырушының кездесуі қай жерде, қай сағатта болды?» - деген сауалдарды көлденең тартады. «Осындай тура сұрақтарға айқын да нақтылы жауап беруі арқылы Рахат Әлиев өзіне қатысты күдік-күмәнді сейілтуі мүмкін. Сонда ғана жұртшылық оның айтқан сөздерінің шынайылығына немесе жалғандығына көз жеткізетін болады», - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы «Жас алаш» газетінде. Мақала соңында Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы Рахат Әлиевтің мәлімдемелеріне қарамастан, өзінің оған деген көзқарасы өзгере қоймағанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, президенттің айналасындағы күштердің ара салмағында өзгерістер болып жатыр және олардың барлығы да дағдарыстан туындап жатыр. «Ішкі элиталық, ішкі отбасылық дағдарыстың күшейе түсуі қазіргі режимнің талай ақтаңдақтарын ашып тастауы әбден мүмкін», - деп аяқталады Рысбек Сәрсенбайұлының «Жас алаш» газетіндегі мақаласы.
Шынымен «Реттеу мен бақылау орнатуда Назарабев үшін ең қиыны Қазақстан элитасы арасындағы байланыс» деп санайды Бауыржан Әділов «Постназарбаев кезеңі президент ұстанымы тұрғысынан» деген көлемді сараптама мақаласында. Мақала авторының пікірінше, президенттің элита арасындағы кінәратсыз беделіне нұсқан келтіргісі келетіндер, керісінше, оның абыройын арттыра түскен. «Халық көбірек президентке сеніп, қателіктерді оның айналасынан көреді», - дейді газет шолушысы. «Соңғы уақытта біз кінәлі болып қалған Назарбаевтың айналасындағылардың мәртебелі «жер аударуға» жіберіліп немесе қызметінен кететінін көріп жүрміз. Бұл ретте ол басқа авторитарлы мемлекет басшыларынан ерекшеленеді», - деп жазады «Литер» газетінде мақала авторы.
Ал бұл уақытта «Нұрбанктің» бұрынғы басқарма бастығы Әбілмәжін Ғылымов сыртынан іс қозғалып, қазір Венаны паналап жүрген президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің сөздерінде көп жалғандық бар екендігін айтады «Время» газетіне берген сұқбатында «Мен Рахат Әлиев сияқты ақталғым келмейді» деген сұқбатында. «Оның соңғы мәлімдемелерін қараңыз. Ол президентті айыптайды, жоғарғы лауазымды шенеуніктерді қаралайды. Бірақ, соған қарамастан, ол мұның бәрі бос сөз екенін біледі. Ол үшін бұл - Батыс алдында бет-бейнесін сақтаудың жалғыз жолы. «Суға кеткен тал қармайды деген осы», - дейді Әбілмәжін Ғылымов «Время» газетінде Рахат Әлиев жөнінде. Сонымен бірге бұрынғы банкир Рахат Әлиевтің «Нұрбанк» төңірегіндегі жағдай бойынша айтқан пікірлерін жоққа шығарады. Ол банктің топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов күшпен ұрлап әкетілді дегенді қайталайды. «Ал Жолдас Темірәлиев банк ғимаратында темекі тартуға шығып, жоқ болып кетті» деген Рахат Әлиевтің уәжіне орай «бұл кезекті өтірік. Жолдастың темекіні тастағанына бірнеше жыл болды» деп жауап береді. Сұқбат соңында Әбілмәжін Ғылымов «сот сырттай бола ма, бетпе-бет бола ма – мәселе онда емес. Ең бастысы – қылмыс жасаған кінәлілер жаза тартуы керек, мұны күтіп жүрген мен ғана емес» деп сөзін қорытындылайды.