Accessibility links

Еуроның долларға бағамы күшейіп барады


АҚШ-тың Орталық Банкі Америкадағы тұрғын үй бағасының құлауынан экономикаға келетін зиянды реттеу үшін өсім пайызын азайтқан соң, бірінші рет еуро 1,45 доллар деңгейіне жетіп отыр. Сарапшылар, әзірге оның АҚШ долларына тікелей өзгеріс әкелетіндей белгісі байқалмай отыр дейді.

Сәрсенбі күнгі Құрама Штаттардың федералдық қорының қозғалмайтын мүлік базарындағы дағдарысты реттеу мақсатындағы қадамы күтпеген жаңалық болды дей алмаймыз. АҚШ Орталық Банкінің бұл өсім пайызын төмендетуі осы жылы екінші рет болып отыр. Ол әлемдегі ең мықты экономикасы бар Америкадағы тұрғын үй базарына тиетін соққыны азайту мақсатында жасалып отыр.

Бірақ, оның АҚШ долларына әсері онша емес. Онда Еуроның долларға қарсы бағамы күшейіп, осыған дейін бір еуроны 1,44 доллар шамасында алсақ, сәрсенбі күні өсім пайызының төмендеуінен кейін ол 1,45 доллар болды.

Есептік көрсеткіштің төрттен бір процентке қысқаруы өсім пайызы алда көбірек болуы мүмкін дегенді білдіреді. Бұл тұрғыда Лондондағы СМС нарығының сарапшысы Джеймс Хьюз:

“Оның тек төрттен бір болуының жыл соңына дейін тағы қысқаратындай нақты бір мүмкіндігі бар, бірақ ол алдағы айларда немесе одан кейінгі кездегі экономикалық көрсеткіштерге байланысты болады. Онда бүгінгі және ертеңгі көріністі өзгертетін көптеген шешуші мәселелер бар. Десе де біз жыл соңына дейінгі келешектегі қысқаруларды байқап отырмыз”, - дейді.

Ол шешуші жағдайлардың қатарында АҚШ-тағы жалпы экономикалық ахуалдың қалай болу мүмкіндігін бағамдайтын ай сайынғы жұмыс есебі, яғни “nonfarm payrolls”-тың көрсеткіштері айтарлықтай роль атқарады.

Бірақ, сәрсенбі күнгі өсім пайызының төмендетілуі алда тағы да өсім пайызы қысқармауы мүмкін деген пайымдауларды жоққа шығарып отыр.

Ендеше, ол барлық нәрсенің өзгеруіне әкелуі ықтимал. Бұл жайында, Лондондағы “Capital Economics” компаниясының экономисі Джулиан Джессоп былай дейді:

"Шындығында, кешегі мәлімдемеде оны солай жасауға құлықсыздық болғаны анық еді. Ол алдағы уақытта өсім деңгейін ұстап қалады деген болжамдарды артқа қалдырады, бірақ өсім пайыздарының өзгеруі соңғы көрсеткішке байланысты болады деген болжаммен, егер еңбек нарығы атап айтқанда осал болып қала берсе және егер тіпті Федералдық қор дәл қазір өсім пайызын төмендетуді жоспарламаса да, мұнда тұрғын үй нарығын қалпына келтіру белгісі болмаса біз әлі де көрсеткіш келесі бірнеше ай бойына күшінде қалады деп ойлаймыз”.

Олай болса, мұның бәрінің долларға қатысы қандай деген сауал туады. Бұл тұрғыда сарапшылар ол қысқа мерзім ішінде тиімді болуы мүмкін деп, яғни төмендеуден кейін қатты көтеріліп кетуі мүмкін дегенмен түсіндіреді.

Доллар қайта бағаланады деп ойлауға әкелген себептер қағаз ақшалар дұрыс бағаланбай, АҚШ саудасының жетімсіздігі азайып келе жатыр. Десе де, доллардың болашағы бұлыңғыр болып, Еуропа экономикасы өркендеген сайын, еуро күшейіп барады. Сондай-ақ, Еуропалық Орталық Банк өсім пайызын өсіріп келеді.
XS
SM
MD
LG