Accessibility links

АҚШ доллары тағы да құлады


АҚШ долларының евроға шаққандағы құны тағы да рекордтық деңгейге құлады. Бұл жолы ол Қытайға байланысты болып отыр. Себебі ол елдің бір ресми өкілі Қытай үкіметі өзінің үлкен шетел валютасындағы қорын АҚШ долларынан алыстатуды ойластыруы керек шығар деді.

Бұл мәселені бірінші болып Қытай парламентінің вице-төрағасы Чень Сивей көтерді. Бейжиндегі конференцияда сөйлеген сөзінде ол құлдырап жатқан долларға байланысты Қытай өзінің шетел валютасындағы қорын қайта қарап шығуы керек деп мәлімдеді. Кейінірек Қытай орталық банкі вице директоры АҚШ доллары ғаламдық валюта ретіндегі мәртебесінен айырылып жатыр деп атап көрсетті.

Чень Сивей кейін өзінің мәлімдемесі Қытай енді көбірек евро сатып алады дегенді білдірмейді десе де, бірақ оның алғашқы мәлімдемесі доллардың одан әрі құнсыздануына жеткілікті болды. Сөйтіп бір евро алғашқы рет 1 доллар 47 центке жетті.

Осыған байланысты Лондондағы Экономист ақпарат орталығының маманы Роберт Уард мынадай пікірін білдірді:

“Болашақта доллардың әлемдегі резервтік валюта мәртебесіне орай сауалдар болу керек. Бір анық фактор бар, доллардың құны түсініксіз болып тұр және қазіргі кезде ол өте әлсіз болып тұр. Сондықтан әсіресе енді дамып келе жатқан нарықтарда ақшаның көбін долларда сақтайтын орталық банктер “осы ақшаға байланысты бізге жақсырақ табыс керек” деп ойластыруды бастады. Олар енді көбірек пайда әкелетін басқа жерлерді қарастыратын болады”, - дейді Уард.

Азия мен Таяу Шығыстағы орталық банктер өз ақшаларын АҚШ долларынан алыстатып басқа да мүмкіндіктерін қарастырып жатқандардың бірі болып табылады. АҚШ доллары ғаламдық шетел валюта резервтерінің 65 пайызын құрайды. Бұл соңғы 10 жылда тіркеліп отырған өте төмен көрсеткіш деп есептеледі. Жалпы экономист мамандар доллар одан сайын құлайтын шығар деген болжам айтқан.

Роберт Уард Қытай өзінің шетел валютасындағы қорына қатысты кез келген өзгеріс жасағысы келсе де, ол қадамды біртіндеп іске асыратын шығар дейді.

“АҚШ тауарлар экспортталатын өте маңызды нарық, тіпті Қытай ресмилері осындай мәлімдемелер жасаса да, шетел валютасындағы қорларға қатысты кез келген өзгеріс біртіндеп болады. АҚШ-ты саяси жағынан өкпелету немесе құлап жатқан долларды одан сайын тезірек әлсірету Қытайдың мүддесіне жатпайды”, - дейді Уард.
XS
SM
MD
LG