Константин Друзенко мен Сергей Ломако қазанның 26-дағы түнде Санкт Петербордағы кафеде көңіл көтеріп, ішіп отырған. Келесі таңда олардың мәйіті арықтан табылды. Константин Друзенко Ресейдің федералды Есірткіге қарсы қызметінің қызметкері болса, Сергей Ломако да бұрындары сол жерде жұмыс істеген. Полиция олардың уланып өлтірілгенін айтып отыр. Олардың өлімі - бүгінгі Кремльдегі КГБ ардагерлерінің кланы арасындағы бақталастық соғыс жүріп жатқан тұста болып отыр. Бұл ықпалды адамдардың арасындағы бәсекелестік соғыс Федералды Есірткіге қарсы қызметтің басшысы Виктор Черкесов пен президент Путин әкімшілігі басшысының орынбасары Игорь Сечин арасында жүріп жатыр.
Полиция болса өздерінің әлі де Друзенко мен Ломаконың өлімдеріне тергеу жүргізіп жатқандықтарын айтады. Бірақ, олардың улану жағдайы олардың жұмысына қатысты емес екенін алға тартады. Десе де Мәскеудегі ақпараттық-зерттеу орталығы Панорама-ның басшысы Владимир Прибылевский былай дейді:
“Осыған дейін арнайы қызметтің мүшелері бірін-бірі бұлай өлтірген жоқ. Бірақ, мен мұның бақталастылардың соғысы тұрғысында болғанына күмәнім аз. Және мен мұнда бейбіт жағдайды көрмей тұрмын”.
Сонымен бұл арада байланыс бар ма, жоқ па, Друзенко мен Ломаконың өліміне қатысты айтылған түрлі пікірлер, Кремльдің ішіндегі билік пен ықпалдылық үшін күресіп жатқан әулетті топтардың бақылаудан шығып кетуі мүмкін деген үлкен алаңдаушылыққа әкеліп отыр. Сарапшылар, ол биліке қатысты ішінара соғыс бір жағынан Путиннің президенттік мерзімі аяқталғанда не болады деген тұрғыда белгісіздікке әкеліп отыр.
Сарапшылар Черкесов пен оның одақтасы Ресей Федералды шекара қызметінің басшысы Виктор Золотов өздерінің Кремльдегі билігін Сечин мен оның одақтасы Федералды Қауіпсіздік Қызметінің басшысы Николай Патрушев есебінен күшейтіп алуға тырысып жатыр дейді.
Саяси билік үшін күреске қатысты екі тараптың қарама-қайшы коммерциялық мүдделері бар. Бақылаушылар екі жақтың да Ресейдің кеден бекеттерін бақылауда бәсекелес болып отырғанын айтады.
Ресейдің Қауіпсіздік қызметтері жөніндегі сарапшы әрі agentura.ru басылымының редакторы Андрей Солдатовтың айтуынша, Черкесовтың тобы әлсіз, сондықтан ол бұл жағдайды өзгертуге тырысып жатыр. Сарапшы Солдатов пен басқалардың сөзіне қарағанда, Черкесов Бас прокуратураның көп міндеттерін атқаратын жаңа құрылған тергеу комитетіне басшылық етуді ойластырып жатыр. Бұл құқық қорғау агенттігіне қазір жетекшілікті Сечин мен Патрушевтің одақтасы Александр Бастрыкин алып отыр.
Осыған қатысты мұнда Ресейдің бірнеше қауіпсіздік, барлау, және құқық қорғау органдарын Тергеу комитеті шеңберінде біріктіру жөнінде ұсыныс болған. Бұған қатысты сарапшы Солдатов былай дейді:
“Егер Черкесов жаңа агенттікке бақылауды алса, олар күшейе түседі. Егер олай болмаса, Черкесов тобы шектеулі болып қалады. Сол үшін осындай соғыс жүріп жатыр”.
Кейбір сарапшылар Черкесов сонымен қатар, президент әкімшілігіндегі Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының хатшысы болып тағайындалу жағын қарастырады дейді. Сөйтіп, Кремльдегі жоғарғы лауазымды адамдардың бір-бірімен жауласуы қоғамдық ортаға шығып, қазан айында Ресейдің Федералды Қауіпсіздік Қызметінің қызметкері Черкесовтың жақын одақтасы Александр Булбов заңсыз телефондар тыңдаған, ақша алған деп қамауға алынса, оған жауап ретінде Черкесов ашық хат жазып, онда Кремльдегі бақталастар ашық қақтығысқа шығып, Ресейдің тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр деп ескертті. Осындай жағдайлардық салдары бірқатар қауіпсіздік қызметінің жоғары дәрежелі қызметкерін орнынан кетуіне әкелді, оның ішінде Сечиннің жақын одақтасы Бас прокурор Владимир Устинов та бар.
Сарапшылардың пікірінше, президент Путиннің биліктегі мерзімі алдағы жылы аяқталар тұста, ол Кремьлдегі күрес күшейіп отыр. Мәскеудег Карнеги Орталығының саяси сарапшысы Андрей Рябовтың пікірінше:
“Президенттіктің ауысуына байланысты көптеген мәселелер, мәселен, келешектегі биліктің құрамы туралы, билікті бөлісу мен оның қалай берілетіні және президенттік мұрагері кім болатыны жайлы айқын емес”.
Андрей Рябов сонымен қатар, белгісіздік жағдайына байланысты Кремльдегі басты мүшелер өз мүдделерін қорғап қалуға күш салуда дейді:
“Басты мүдде - келешек биліктің құрамында. Олардың көбі қоғамдық саясаткерлер емес. Олардың ұстанымы -мемлекеттің қызметке сайлануға қатысты болмайды. Ол президентке, Кремльге келетін бір адамға байланысты болады. Және оларға жаңа президент кезінде өз ықпалдары мен ұстанымдарының сақталуына кепілдік қажет болады. Бәлкім содан олардың мүдделері бөлініп, бір ұйғарымға келе алмай жатқаны”.
Сарапшы Рябовтың пікірінше, президент Путин өзінсіз өте нашар жұмыс істейтіндей жүйе қалыптастырып қойған. Таяуда Ресейдің бірқатар қалаларында да өткен шерулер бақылаушылардың айтуынша, Путин үшінші мерзімге билікте қалсын дегенді қолдап, Кремльдегі топтардың ұйымдастыруымен өткен.