Accessibility links

АҚШ: Демократтар Ауғанстан мен Ирақ соғыстарының құны екі есеге дейін артып кетті дейді


2002 жылдан бері АҚШ президенті Дж. Буштың әкімшілігі Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстарды қаржыландыру үшін Конгрестен 804 миллиард доллар сұраған екен. Алайда Демократтар жариялаған есеп бойынша бұл қос соғыстың шынайы бағасы екі есеге дейін өсіп кеткен, демек 1,6 триллион деп бағаланған. Соғыс құнының мұншалықты жоғарылап кетуіне мұнай бағасының өсуі, жараланғандарды емдеудегі дәрілік көмектің ұзаққа созылуы және тағы да басқа көптеген жайттар әсер еткен делінеді. "Ирақ соғысының көрінбейтін бағасы" деп аталған бұл есепті комиссияның демократ мүшелері жасаған. Дегенмен де ендігі мәселе бұл есепті жан-жақты терең зерттеуде болып тұр.

Алғашқы бетте Ирақ соғысы тез аяқталады және ол соншалықты қымбатқа түспейді деп айтылған еді. Капитолдағы баспасөз-мәслихатында Өкілдер палатасындағы басымдық топ демократтар жетекшісі Стини Хоир 2003 жылы наурыз айында соғыс басталмас бұрын Буш Конгреске Ирақ соғысына 50-60 миллиард доллар шығын жұмсалатындығын айтқан деп атап көрсетті. Сол кезде президенттің аға экономикалық кеңесшісі болған Лауренс Линзей соғыс бағасы 200 миллиард доллар болады деп жобалаған, бірақ сол үшін ол жұмысынын кетірілді деп атап өтті Хоир.

- Бүгінгі есеп шын мәнінде бұл соғыстың құны Линзей жобалағаннан әлдеқайда жоғары екендігін көрсетті. Сол кезде айтылғаннан 10 есе көп. Ашығын айтқанда, біз Америка халқын қорғау үшін қанша болса да төлеуге бармыз. Бірақ, өкініштісі және қасіреттісі - соғыс біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етпейді.

Ал әзірге әрбір орта деңгейдегі төрт адамдық Американ отбасы 2008-ші жыл бойына соғысты қаржыландыруға кемінде 21 мың доллар жұмсауы керек екен. Егер соғыс осыдан бастап 10 жылға жалғасатын болса, ол отбасыларының әрқайсысы 46 мың доллардан астам қаржысын соғыс жолына беріу керек болады делінген есепте.

Сенаттағы көпшілік болатын демократтар жетекшісі Харри Райд баспасөз-мәслихатында демократтар бұл есепті Буштың Ирақтағы әскери-соғыс қимылдарын шектейтін заңды қабылдауына көмектесетін құрал ретінде пайдаланады, олай болмаған жағдайда соғыс құны бұдан тез жылдамдықпен көтеріле береді дейді.

- Егер президент Буш осы жолмен жүре берсе және біз ондағы жасақтарымызды қайтара алмасақ, жалпы бұл соғыстың бағасы 3,5 триллионға дейін жетеді алдағы онжылдықта. Біз мұны болдырмас үшін, демократтар ретінде, Ирақтағы бағытты өзгертуге тиіспіз. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, үкіметтің заң шығарушы бұтағы ретінде президент пен американ халқына біз үкіметтің президентпен тең хұқылы бұтағы екендігімізді білдіруміз керек.

Вашингтондағы саясат зерттеу жекеменшік орталығының Мирас қорының аға талдаушысы Даниела Мархейм бұл болжамдар көмектесуі мүмкін, бірақ олар бұған көз жұмып қарамауы қажет дейді. Мархейм «Азаттық» радиосына берген сұхбатында мұндағы маңызды нәрсе қазір олар түзету енгізуі тиіс экономикалық болжамдар екендігін ұмытпаған жөн деп атап көрсетеді.

- Экономикалық болжамдар жақсы, егер ол біздегі нақты көрсеткіштермен болса, бірақ әрдайым біз оны қайта қарап түзетіп жатамыз. Біз мұндай экономикалық болжамдармен аса сақ болуымыз керек, өйткені экономикалық көптеген мәселелер уақытқа қарай өзгеріп жатады және оның өзіндік ықпал-әсері болады, соның нәтижесінде төлем бұл жерде соғыс құны өзгеріп кетеді.

Мархейм қазіргі таңда мұнайдың қымбаттауына көптеген факторлар әсер етіп отыр, соның бірі Қытай мен Үндістан сияқты үлкен елдерде оған деген сұраныстың артып отырғаны ықпал етуде дейді. Мархейм есепке кірген барлық деректерді көрмейінше оны толықтай бағалай алмайтындығын айта келіп, хабарлама авторлары соғыс құнының артып кетуіне себеп болған жайттар турасында өздерінің жеке пікірлерін білдіргендігін атап өтеді.

«Ирақ соғысы жақсы бағыт алуы мүмкін, оның мәнісі АҚШ үкіметі онда активтерін азайтқан жағдайда. Немесе АҚШ-тың өз ішінде экономикалық төмендеу белең алса, онда Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстарды жалғастыра беру одан сайын қымбатқа түсері сөзсіз. Осындай өзгерістер боларын мойындай отырып, хабарлама авторлары оған шынайылық сипат береді» деп атап өтеді Мархейм.

Қалай болғанда да, бұл сөз болып отырған есептің маңыздылығын жоққа шығаруға болмас, осы аптада Өкілдер палатасы соғысқа тағы 50 миллиард доллар қаржы бөлудің шарты ретінде Ирақтағы әскерлерді алып кету мерзімін белгілейтін заң қабылдау барысында осы есепті пайдаланатын болады.

Демокртаттар Конгрестің қос палатасында бірдей басымдықты осыдан бір жыл бұрын жеңіп алған еді. "Политико" деп аталатын саяси басылымның жазуынша, көпшілік демократтар Буштың соғыс саясатын шектейтіндей 40-тай заң жобасын дауысқа салды. Олардың 39-ы өтпей қалса, біреуіне Дж.Буш өз ветосын қойған болатын.
XS
SM
MD
LG