Қырғызстанда желтоқсанның 16-сында парламенттік сайлаулар өтеді. Ол қазан айының соңында қабылданған жаңа конситуция бойынша әрі сайлау туралы жаңа заңмен бірінші рет өткелі отыр.
Сонымен қатар, бұл 2005 жылғы Қырғызстанның совет кезінен бері болған бұрынғы президентін орнынан кетірген жаппай наразылық шерулерден кейінгі бірінші парламент сайлауы болмақ. Ол биліктің құлауынан кейін, енді Қырғызстан жарқын демократияның үлгісі болып, жаңа тәртіппен жүретін болады деген сенім ұялатқан. Бұл елдегі ақпарат бұлақтары мен қоғамдық өмірдің еркіндігі Орта Азия елдері ішінде ерекшеленіп қалған болатын. Бірақ, ішкі саяси текетірестер мен билікті бөлісуге қатысты даулар, құрылымдық қиындықтар ол үлкен үміттерді ақтамады.
Сол себепті Қырғызстандағы және шеттегі бақылаушылар бұрынғы сайлаулардағы жетімсіз тұстарға байланысты алдағы желтоқсандағы сайлауға да ыждахатты түрде қарайтын болады. Енді елдегі оппозициялық партиялар үкіметке қатысты осыған дейін де 1995-2000-2005 жылдарда айтылған осындай тұрғыдағы шағымдарын айтып жатыр. Ол шағымдарға тағы сайлау кодының өзгеруіне қатысты мәселелер қосылып отыр.
Сөйтіп, Қырғызстан тарихында бірінші рет 90 орындық болып кеңейген ел парламентіне сайлау партиялық тізім негізінде өтеді. Бірақ, бұл сайлау заңындағы өзгерістерге қатысты сындар да орын алып отыр. Сайлауға түсетін әрбір партиядан кемінде 91 кандидат болуы керек. Тағы бір жаңа өзгеріс елдің жеті облысындағы дауыс берулерден кемінде 0,5 процент дауыс жинай алмаған қандай да бір партияның құқығы шектеліп, парламентке өте алмайды. Осыған қатысты оппозициялық “Ар-Намыс” партиясының жетекшісі, бұрынғы премьер министр Феликс Кулов, бұл мәселе ел конституциясына қайшы келеді дегенді айтады:
"Біздің пікірімізше, 0,5 проценттік норма енгізу конституцияға қайшы келеді. Конституцияға сәйкес, барлық 90 депутат партиялық тізіммен сайланады. Осыған орай, бірыңғай сайлау округтері құрылды. Парламентарийлер облыс бойынша емес, бүкіл ел бойынша сайланады. Және сайлау кодексіндегі бірыңғай сайлау округі деген түсінік 0,5 проценттік мөлшерге қайшы келеді.
Орталық сайлау Комиссиясы қарашаның 17-де, ол 0,5 проценттік мөлшер қалай пайдаланылады дегенді анықтайтын болады. Тағы бір оппозициялық “Ақ Сұңқар”партиясының жетекшісі, депутат Кубатбек Байболов «Азаттықтың» Қырғыз қызметіне берген сұхбатында, бұл жағдайлар бұрынғы жолымызға қайта әкеледі деген. Ол ресмилер дауыс берушілерді президент Құрманбек Бакиевтің одақтастары мен ол құрған жаңа партияны қайтып әкелуге мәжбүрлеп отыр деп айыптады:
"Барлық ресмилерге бір партия үшін жұмыс жасау қажеттілігі турасында қатаң нұсқау берілген. Және осыған байланысты кейбір аймақтарда наразылықтар туып отыр. Ыстық көл облысында, бүгінде 50 мұғалім партияға қосылудан бас тартты әрі олар шағымдарын жазуға дайындалуда. Бұл айғақ. Шу облысында да мұғалімдер партияға қосылуға қарсылық білдіріп, ол үшін өздерінің жұмыстары мен жалақыларын жоғалтуға да дайын”.
Жоғарыда айытылып отырған Ақ жол елдік партиясы қазан айындағы конституциялық референдум алдында құрылған. Оған төраға ретінде, Құрманбек Бакиев таңдалды. Бұл тұрғыда қырғызстандық омбудсмен Тұрсынбай Бәкір ұлы «Азаттықтың» Қырғыз қызметіне берген сұхбатында, елдегі парламенттік сайлауға науқан ресми түрде басталмай тұрып-ақ, Ақ жол елдік партиясын қолдаушылар мен қазіргі премьер министр Алмаз Атамбаевтың Социалистік демократтар партиясы елдің оңтүстік облыстарында сайлау науқанын бастап кетті деді.
ЕҚЫҰ да әлі ресми сайлау науқаны басталмастан бұрын Баткен облысындағы Ақ жолдың саулау науқанына кірісіп кеткенін айтып отыр. Қырғызстандық тәуелсіз саяси сарапшы Кубан Абдымен егер елдегі билікке жақын партиялар емес, оппозициялық партиялар осылай жасаса, Орталық Сайлау Комиссиясы қандай да бір шараларды қарастыратын еді дейді
Жалпы, Қырғызстанда болған соңғы оқиғалар қоғамның бұл парламенттік сайлаулардан тыс қалып, бұрмаланған сайлауды қабылдай қоймайтынын көрсетті. Бұл елде 2005 жылдан бері бірқатар наразылық шерулері өтіп, осыдан бір жыл бұрын он мыңдаған адам ата заңның өзгертілуін талап еткен. Батыс елдері Қырғызстандағы жағдайларға түсіністікпен қарап, оны бұрынғы совет елдері ішіндегі Орта Азиядағы ең демократиялық ел деп қарап келді.
Қырғызстанның басқа көршілері сияқты көп мұнай қоры мен газы болмаса да, Батыс үкіметтері Қырғызстан өзінің тәуелсіз ақпарат бұлақтарымен, нағыз оппозициялық партияларымен, ширақ азаматтық қоғамымен тұрақтылығын сақтап, өз көршілеріне үлгі бола алады деп үміттенеді.