Оңтүстік Қазақстан облысындағы Маятас елді-мекенінде 16 жастағы жасөсірімінің 4 жасар балаға зорлық көрсету оқиғасына орай тереу ісінің аяқталып, істің сотқа жолданып жатқанын хабарлады қарашаның 16-сы күні «Азаттық» радиосына Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының баспасөз-хатшысы Салтанат Қаракөзова:
- Бұл дерек дәлелденген. Сот сараптамасы балаға қатысты зорлық көрсетілудің болғанын айғақтады. Мұны тергеу дәлелдеп, прокуратура оны бекітті. Барлық сараптамалар күдіктінің ақыл-есі дұрыс бола тұра сондай қадамға барғанын растады, - деді Оңтүстік Қазақстан облысындағы ішкі істер басқармасының қызметкері Салтанат Қаракөзова.
Биылғы жылы қазан айының 28-і күні осы облысқа қарасты Төлеби ауданының ішкі істер басқармасына Маятас елді-мекенінің тұрғыны арыз жазып, қазанның 20-сы күні күндізгі сағат 2-лер кезінде өзінің 4 жастағы кішкене ұл баласын әлгі ауылда тұратын 16 жасар жасөспірімінің зорлап, жәбірлегенін айтады. Бастапқыда баланың шешесі оқиғаны жасырып қалуға тырысыпты, бірақ әкесі бірнеше күн өткен соң естіп, полицияға шағымданған. Осыдан кейін сол қарашаның 1-іне қараған түні ауылда 25-50 жастағы бір топ адам жиылып келіп күдікті жасөспірім тұратын үйдің ауласындағы шөбін, қора-жайын өртеп жібереді. Сосын олар сол үйдің көршісінің саз балшықтан жасалған үйіне өрт қояды. Осы оқиғалардан кейін іле-шала облыстың полиция қызметкерлері күрд отбасылары тұратын аудандардағы қауіпсіздік шараларын күшейтеді.
Қазақстандағы күрд қауымдастығының төрағасы Князь Мерзоев жұма күні «Азаттық» радиосына Маятаста болған оқиға бойынша қауымдастықтың арнайы жиналысын өткізгенін және жапа шеккен баланың ата-анасымен келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады:
- Біз Қазақстанның күрдтары қауымдастықтың басқармасын жинадық. Біз баланың әке-шешесінен кешірім сұрауға баруға шешім шығардық. Қазір екі жақ келісімге келіп жатыр. Енді ол болмайтын шығар. Қалғанын кейін хабарлаймын, - деп қысқа ғана түсіндірме берген Қазақстан күрд қауымдастығының төрағасы Князь Мерзоев басқа сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Тәуелсіз сарапшылардың көпшілігі бұл оқиғаны бұған дейін Қазақстанның Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында, Батыс Қазақстан облысындағы Ақтауда болған қақтығыстармен байланыстырады. Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Андрей Гришин бұл оқиғалардың барлығында бірдей жергілікті билік пен ішкі істер қызметкерлерінің баяу, салғырт жұмыс істегендігін тілге тиек етеді:
- Маятас оқиғасында полицияның шарасыздық танытқаны былай тұрсын, олар оқиғаның өршуіне септігін тигізді. Біз сол жерде тұратын күрд тұрғындарымен сұқбаттасқанымызда, олар полицейлер бұларды қорғағандары үшін ақша сұрағанын айтты. Меніңше, бұл оқиға әдейі жоспарланып жасалған тәрізді. Күрд бозбаласының жас баланы зорлауы тек оны бастауға түрткі болды. Билік орындарының осындай оқиғаларды болдырмауға аз күш салғанына қарағанда, олар да мұндай жағдайлардың болуына ынталы болса керек, - дейді адам құқығын қорғаушы Андрей Гришин.
Мұндай пікірге саясаткер Жасарал Қуанышәлі де қосылады. Ол Маловодное, Ақтау және Маятаста болған қақтығыстар «Қазақстан билігінің дұрыс ұлттық саясат жүргізбеуінің салдары» деген баға береді.
Адам құқығын қорғаушы Андрей Гришин дәл қазіргі сәтте Маятас оқиғасының жергілікті атқарушы билік үшін екі тиімді жағы болуы мүмкін деген болжам айтады:
- Осындай этносаралық қақтығыстар жекеменшікті қайта бөліске салудың көрінісі болу ықтимал. Өйткені, біздегі белгілі-бір кәсіпорындар мен бизнестің нақты бір түрлері жекелген этникалық топтарға қарайды. Сондықтан, осындай қақтығыстарды пайдаланып, мүдделі тұлғалар олардың бизнестеріне қол салуы ықтимал. Екіншіден, қазіргідей саяси жағдайда, яғни, Рахат Әлиевтің түрлі ақпараттарды жарыққа шығару аясында билік орындарына көпшіліктің көңілін басқа тақырыпқа аударуына тура келмек.
Ресми мәліметтер бойынша, Оңүстік Қазақстан облысында 7 жарым мың күрд ұлтының өкілі тұрса, оның тең жартысы Төле би ауданын мекендейді. Жалпы, ресми деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен 40-тан астам конфессия өкілдері өмір сүреді.