Accessibility links

Бұрынғы советтік КГБ мен Орталық және Шығыс Европа құпия барлау қызметтерінің Ватиканда жансыздары болған ба?


Осы күз бойына Орталық Европа елдері Советтік коммунизм кезеңін құлатқан төңкерістердің 18 жылдығын атап өтуде. 20 жылға жетер-жетпес кезеңде Чех республикасы, Словакия, Венгрия сияқты республикалар қазіргі заманғы дамыған елдер қатарына жетіп, Евродақтың демократиялық мемлекеттері қатарына қосылды.

Осы айдың басында Словакия астанасы Братиславада сарапшылар 1989 жылға дейін бұрынғы Советтік КГБ-ның Орталық және Шығыс Европаның құпия қауіпсіздік қызметтерімен қандай ынтымақтастықта болғаны жөнінде халықаралық конференция өткізді.

Конференцияның басты тақырыбының бірі - 1960 жылдары құпия барлау қызметтерінің Ватиканға дендеп енуі турасында болды. Енді белгілі бола бастаған бұл аймақтың барлау қызметтерінің құпия мұрағаттары Коммунистік құпия қызметтің Ватиканның ішіне кіріп кеткендігін көрсетті.

Советтік КГБ Шығыс Европаның құпия қызметтерін пайдалана отырып, оларды өз қолындағы құралға айналдырған, әсіресе Польша мен Венгрияның осындай қызметтері бұған көп тартылған.

Италияның Болония университетіндегі Стефано Боттони Венгрия қауіпсіздік қызметі 1960 жылы Ватикан шығыс блокпен диалог жүргізу саясатын жариялаған соң, оның ішіне қарай ене бастады дейді. Венгрияның құпия қызметі Ватиканда жұмыс істейтін журналистер мен саясаткерлер, діни қауымдастық арасында өзінің жергілікті тыңшыларын ұстады.

Боттони 1970 жылы Ватиканнан онда жұмыс істеген Венгрияның 20 дипломаты шығарылғандығын, олардың жетеуі барлау қызметінің адамдары болғандығын айтады. 1977 жылы Варшава келісіміне қол қойған елдердің жетекші барлау офицерлері Будапеште төрт күн бойына Ватиканға әрі қарай дендеп ену мәселесін талқылаған болатын.

- Бұл жылы Иоанн Павел екінші маңызды құжатқа қол қойған еді, онда Ватикан Католик шіркеуін үлгілендіру мәселелерін қолға алмақшы болған. Ватикан жаңа сауалдарды, әлеуметтік, колониялдық мәселелерге көбірек назар аударуға тырысты. Осы құжат пен Ватиканның Шығыс Европа саясатының бұлайша дамуын КГБ мен Мәскеу идеологиялық соғыстың құнарлы негіздері бар деп білді.

Боттони Советтік КГБ-ның басшылығымен Венгрия Польша құпия қызметімен іс-қимылдарын үйлестіріп отырды деп атап көрсетеді.

Польша ұлттық құндылықтар инстутының талдаушысы Андрей Граевски Польша құпия қызметі 1958 жылдан бастап-ақ Ватиканның діни қызметкерлерін түрлі ақпарат алу көзіне айналдырған еді дейді. Осы институтта жұмыс істейтін тағы бір сарапшы Владислав Булхак Польша барлау қызметі священниктердің әрқайсысын әбден зерттеп, олар туралы деректер жинастырған дейді.

- Мұнда әрбір священник жайында күн сайын жинақталған материалдар болды. Олар көбіне ішімдікке немесе әйелге қатысты және сол сияқты проблемалар жайындағы ақпараттар. Сөйтіп, әрбір діни қызметкер жайында әшекерелеуші деректер тауып, оларды өздеріне жансыздыққа тартуға тырысқан, бірақ менің ойымша олардың 10-15 проценті ғана олармен бірге жұмыс істеуге көніп, келіскен.

Сондықтан да ынтымақтасуға діни қызметкерлердің көпшілігі қол қойғанмен, олардың қаншасының шын мәнінде барлау қызметтерінің агенті немесе жансызы болғаны анық емес. Бірақ ондай жансыздардың болғанына еш күмән жоқ, өйткені Польша құпия қызметі және КГБ Ватиканда не болып жатқанынан өте жақсы хабардар болып отырған. Бір ғана мысал, 1958 жылы қазан айында Иоанн поп болып сайланарда конклав арасында қандай көзқарас айырмашылықтары болғанына дейін хабардар болып отырды.

Архив құжаттары Польша барлау қызметінің Ватикан радиосына дейін жеткендігін көрсеткен. Дегенмен де, Боттонидің айтуынша, коммунистік құпия қызметтердің ең алғашқы Польша тумасы Карол Войтула, демек Иоанн Павел екінші Рим папасы болып сайланғанға дейін ықпалы жемісті болған дейді.

Архив құжаттары сондай-ақ барлау қызметтерінің Иоанн Павел екіншінің ұстанған саясаты, алдағы жоспарлары турасында үнемі хабардар болып отырғанын көрсеткен және олар ешқашан қателеспеген сыңайлы.
XS
SM
MD
LG