Accessibility links

Түрлі ауруларды емдеудің құны әр елде не себепті әр түрлі?


Иммунитет тапшылығын тудыратын ВИЧ дертін емдеу құны арзандай түскенімен, жалпы адам баласында кездестін кейбір созылмалы ауруларды емдеу құны қымбаттап барады. Табысы төмен елдердің бірқатарында жүрек ауруы мен демікпе, диабет науқастарын емдеуге көп қаржы жұмсалады.

Мәселен Пәкістанда жүрек науқасын емдеуге табысы төмендеу жұмысшының бес күндік жалақысы кетеді екен. Ал демікпені қалыпты емдеуге Армения тәрізді елде жеті күндік жалақыны, ал Қазақстанда үш күндік жалақыны жұмсауға тура келеді екен.

Клинтон қоры тәрізді халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың арқасында ВИЧ дертін емдеу дәрілерін бұрынғы бағасының үштен біріне ғана сатып алу 70-тей елде мүмкін бола бастады. Дегенмен де әлемнің көптеген елінде адамдардың созылмалы науқастан емделуі үшін дәрі-дәрмекке бәрінің бірдей қолы жете бермейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, адамдардың үштен екісінің өліміне түрлі ауру себеп болады екен. Егер дәрі-дәрмек жеткілікті болса, көптеген адамдардың науқастан қайтыс болуының алдын алуға болар еді.

Не себепті бір елде науқастардың дәрі-дәрмекке қолы жете алса, екіншілерінде ондай мүмкіндік жоқ? Бұған көбіне бюрократиялық кедергілер себеп болады екен. Мәселен дихлотиазид Батыс елдерінде жоғары қан қысымына қарсы қолданылатын ең бір қымбат дәрі. Дегенмен оның бағасы Үндістан мен Қытайда соншалықты қымбат болмаса, Қазақстан мен Монғолияда Қытайдағыдан 25 есе жоғары екен. Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Тәжікстанда тұрғындардың табыс мөлшері тым төмен болғандықтан, емделу мүмкіндіктері жоқтың қасы.
XS
SM
MD
LG