Accessibility links

Басының сақинасы барлардың ми құрылысы өзгеше бола ма?


Созылмалы сақинасы бар адамдардың миы басының мигрені жоқтардың миынан өзгеше болатындығын ғалымдар дәлелдеп отыр. Гарвард университетінің ғалымдары мұндай жаңалықты жақында "Неврология" деп аталатын басылымда жариялаған екен.

Журналдың жазуынша, сақинасы барлардың ми қабыршығы бас сақинасына шалдықпаған адамдардың миының қабырғышынан қалың және тығыз болатын көрінеді. Арнайы машинамен алынған анализдің көрсетуінше, басының сақинасы барлардың соматосенсорлық ми қабыршығы мұндай науқасы жоқтардың ми қабыршығымен салыстырғанда 21 процентке қалың болып шыққан.

Мидың ішінде орналасқан бұл соматосенсорлық қабыршықтар сезімталдыққа жауап береді. Мидың бұл бөлшегі бізге ыстық не суық туралы, немесе ауру болмаса жақсы әсер туралы хабарлар береді.

Міне осы қабыршықтардың өте қалың болуы жалпы ауру түрлеріне өте сезімталдықты білдіреді екен. Басының сақинасы барлардың белі мен жақ сүйектері де ауруға шалдыққыш болады дейді ғалымдар. Мигренмен науқастанатындар сондай-ақ басқа ауруларға, атап айтқанда депрессияға - күйзеліске ұшырағыш келеді екен.

Зерттеулерге қарағанда, бастың сақинасы ерлерден гөрі әйелдер арасында жиі кездеседі. Мәселен, Түркияда әйелдердің 22 процентінде бас сақинасы болса, ерлердің 10 процентінде, ал Африкада әйелдердің - 7, ерлердің 3 процентінде бас сақинасы кездеседі екен.
XS
SM
MD
LG