Осы аптада АҚШ әкімшілігі Таяу Шығыста бейбітшілік орнату бастамасын іске асырып, үш күн бойы мәселемен тікелей айналысты. Сейсенбі күні Аннаполис қаласында халықаралық конференция өткізілді. Конференцияға Израильді мемлекет ретінде мойындамайтын 16 араб мемлекетінің өкілдері қатысты. Жалпы, конференцияға қырықтан астам елдің өкілдері қатысты. Конференция барысында Израиль мен Палестина басшылары бейбітшілік орнату келіссөздерін қолма-қол бастауға келісті. Келесі жылдың соңына дейін Палестинаға тәуелсіздік берілмек. Аннаполис конференциясында сөйлеген Джордж Буш президент билігінде қалған екі жылдай уақытының көпшілігін тәуелсіз, демократиялық Палестина мемлекетін құруға атсалысуға жұмсайтынын айтты. Израиль бас министрі Эхуд Олмерт пен Палестина әкімшілігінің президенті Махмұд Аббас Ақ үйде АҚШ президент Джордж Бушпен кездесті.
Джордж Буш Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға жан-жақты атсалысамын деп уәде етті:
- Екі мырзаны сендіріп айтқаным, Америка Құрама Штаттары процеске белсенді араласады. Израильмен қатар тату-тәтті көрші боп тұратын Палестина мемлекетін құру үшін қажет шешімдерге қол жеткізу мақсатына күш-қуатымызды жұмсаймыз деп айттым.
Президент Джордж Буш Аннаполис конференциясының шешімі өте маңызды, Таяу Шығыс елдері Палестина мен Израиль арасында келісім табуға атсалысса жөн деп айтты.
Палестина мен Израиль арасында келіссөздер ресми түрде 12 желтоқсан күні Иерусалим қаласында басталмақ. Президент Буш келіссөздердің оңай өтпейтіні анық, екі тараптың да қоятын талаптары белгілі, бірақ шешім табуға үмітім бар деп оптимизм танытты. Президент Буш Израиль бас министрі Эхуд Олмерт пен Палестина әкімшілігінің президенті Махмұд Аббастың жігер танытып отырғандарын атап өтті:
- Басшылық танытып, жігер танытып отырғандырыңызды құптаймын. Сіздерді досым деп атау абырой, Қасиетті Жерде бейбітшілік орнату - баршамыздың қалауымыз, осы мақсатқа қол жеткізу мақсатында кеше тиісті көзқарастарыңызды білдергендіріңізді көрудің өзі абырой болды.
Келіссөздердің оңай шықпайтынын Палестина тарабының жоғары өкілі, бейбітшілік келіссөздері делегациясының басшысы Саиб Ерекат айтып отыр. Ол кісінің тізіп шыққан ең қиын мәселелердің өзі мынандай: Иерусалим қаласының статусы қандай болу керек; шекара белгілеуі; Израиль басып алған жердегі еврей қоныстары; Палестина босқындары жаңа Палестина мемлекетіне қайту керек пе, әлде 1948 жылы басып алынған жерге орала ма; не болмаса басып алынған жер Израиль териториясына біржолата өте ме?
Жалпы, дейді Саиб Ерекат, Палестина тарабы келіссөздерді баяғыда бастадық, енді келіссөзден көрі, нақты шешім қажет:
- Бүгін бізге келіссөзден көрі көбірек нақты шешімдер қажет. Келіссөзді бүгін бастап отырған жоқпыз. Келіссөздің осыдан 14 жыл бұрын басталғанын естеріңізге салсам дейдім.
Палестина жоғары өкілі Саиб Ерекат бұл жерде 1993 жылы Осло қаласында өткен Таяу Шығыс бейбіт конференциясын айтып отыр. Сол жылы Палестина әкімшілігі құрылып, ол әкімшілік Израиль мемлекетін ресми мойындаған болатын. Ал енді Израиль мен Палестина арасында бейбітшілік келіссөздері қиын болатын Таяу Шығыстан түскен мына жаңалық та дәйектеп отыр. Бүгін Израиль әскері Газа секторында палестиндік жауынгерлерге тағы зымыран атты, кемінде үш жауынгер қаза тапты. Израиль әскері бұл жерден Израиль жеріне миналар мен зымырандар атылатын дейді.