Accessibility links

Холокост құжаттары сақталған мұрағат қоғамға есігін ашты


Бүгін тарихшылар Холокост кезіндегі құжаттардың әлемдегі ең үлкен мұрағатының қоғамға бірінші рет ашылған күнін атап өтуде. 60 жылдан аса уақыттан кейін, Халықаралық іздеу қызметі нацистік архивтердің есігін дүние жүзіндегі зерттеушілерге ашты.

Әдетте тирандық режимнің айрықша бір көрінісі - олар үнемі өз құрбандарының егжей-тегжейлі құжаттарын бермей отырады. Әсіресе, Германия нацистері бұл тұрғыда құжат-деректерді өте абайлап ұстап отырған. Нацистер режимінің құрбаны болған 17 млн-нан аса адамның еңбек лагерлеріне жөнелтіліп, өлтірілгендері туралы құжатта соғыс кезінде Германия жерінде мекендеген барлық басқа ұлт өкілдері туралы айтылады. Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңында ол құжаттардың бәрі жиналып, оларды сақтау үшін Германияның кішкентай Бад Аролсен қаласына апарылған.

Бұл құжаттарды қарауға Халықаралық Қызыл крест комитетінің ғана мүмкіндігі болған. Қызыл крест комитетінің әкімшілігі нацистерден жапа шеккендер туралы құжаттарды ашып, олардың туыстарына ұзақ жылдар жоғалған адамын тауып беруге, отбасыларын қайта табыстыруға көмектескен. Бүгінге дейін бұл құжаттар ашық қоғамға көрсетілмеді, тіпті тарихшыларға да ол архивтің есігі ешқашан ашылмаған.

1955 жылдан бері бұл мұрағатты бақылайтын Бонн келісіміне мүше 11 ел - ішінде Германия да бар - осы жылы мамыр айында келісім жасап, оны бекіту керек болды.

Халықаралық Іздеу қызметінен Айрис Моекер ол туралы былай дейді:

“Бұл архивтерді ашу шынымен ұзақ процесс болды. Өйткені, онда бұл хаттаманы өзгертуге 11 елден тұратын комиссия келісу керек болған. Енді қазір олардың бәрі оны бекітті және олар халықаралық комиссияны қазіргідей ұстап отыратын болады”.

Және де Халықаралық Іздеу қызметінің өкілі Айрис Моекердің сөзіне қарағанда, таяу жылдардағы техникалық прогрестер өткен жылдардағыдан гөрі мұрағаттардың ашылуына көбірек мүмкіндік беретіндей болып отыр:

“Қазір бізде мүмкіндіктер әрі сондай-ақ ол ескі құжаттардың бәрінің көшірмесін жасай алатын техникалық жағдай бар. Сіз ол жерде көптеген ескі құжаттар бар екенін, көп адамға бұл ақпараттарды алу мүмкіндігі берілгенге дейін алдымен оларды ыждахатты қарау керектігін түсінуіңіз керек. Сондықтан, қазір егер онда қызығушылық танытқан тарихшы зерттеушілер болса, олар мұнда келсе болады, оларға жеке компьютер беріледі. Және олар сол құжаттардың көшірмесін көре алады. Бүгінде 70 процент құжаттың көшірмесі жасалды”.

Келешекте, тарихшылардың Германияның Бад Аролсен қаласына баруы керек бола қоймайды, барлық құжаттардың дижиталды көшірмесін Уашингтон, Иерусалим және Варшавадағы зерттеу орталықтарынан табуға болады.
XS
SM
MD
LG