«Алға, ДВК!» атауымен жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктің тиісті құжаттары жыл басынан бері Қазақстанның әділет министрлігіне алты мәрте жолданыпты. Ақыр соңында өткен айдың 16-күні мемлекеттік органда тіркеуден өткен бірлестіктің куәлігі желтоқсанның басында қоғамдық ұйымның қолына тиген.
«Ал былтыр министрліктің Тіркеу комитетіне жолданған «Алға» саяси партиясының құжаттарына үкіметтік мекеме тарапынан сол қалпы жауап жоқ», - деп хабарлады жұма күні «Азаттық» радиосына әлі тіркелмеген саяси партияның және жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктің төралқа мүшесі Михаил Сизов.
Қазақстан заңдарына сәйкес, партияны тіркеуге алу үшін кемінде 50 мың адамның қолдауы қажет. «Алға» партиясының өкілдері 53 мың адамның қолы бар тізімді 2006 жылғы қараша айының 9-күні тіркеу комитетіне тапсырғандарын айтады.
«Бірақ, арада бір ай өткенде өкілетті орган әлгі тізімді нақтылап, заңға сәйкес жасалғанын анықтау мақсатында тіркеу мерзімін үзетінін партияға хабарлаған соң, бұл мәселенің сиырқұйымшаққа салынып, созылып келе жатқанына 13 айдан асты, ал Қазақстанның ешбір заңында әлгіндей тізімді анықтау мерзімі қанша уақытқа жалғасатыны нақтыланбаған», - дейді Михаил Сизов.
«Алға» партиясының тіркеу мәселесі бұған дейін Қазақстан үкіметіне халықаралық ұйымдар тарапынан да бірнеше мәрте қойылған болатын. Өткен айдың соңында Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің басқосуында Қазақстан осы ұйымға 2010 жылы төраға болып бекітілді. Сол жиында Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин Қазақстан 2008 жылдың соңына дейін елде саяси партияларды тіркеу туралы заң талаптарын жұмсартады деп уәде берген еді. «Алға» партиясының тіркеуіне байланысты «Азаттық» тілшісінің сауалына Әділет министрлігінің Тіркеу комитетінен жауап алу мүмкін болмай отыр.
Ал тіркелмеген партияның белсенділері қол қусырып отырмай, жаңа қоғамдық бірлестік шеңберінде қызметтерін жалғастырмақшы. Олар алдағы жылғы қаңтар айында қоғамдық бірлестіктің республикалық құрылтай жиынын өткізіп, жергілікті құрылымын бекітіп алған соң жұмысқа кірісетіндерін айтады.
«Тіпті, үкімет партияны тіркеуден бас тартқан күннің өзінде партия белсенділері «Алға, ДВК!» қоғамдық бірлестігі қатарында Қазақстанда азаматтық қоғам орнату мақсатындағы жұмыстарын атқаратын болады», - дейді Михаил Сизов.
Қазақстан билігі тіркеуден өткізбей отырған «Алға» партиясы өзін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ДВК) партиясының ізбасары деп таныстырады. 2004 жылы мамыр айында Қазақстанда ресми тіркеуден өткен оппозициялық ДВК партиясы сол жылы күзде елде өткен парламент сайлауының қортындысына қатысты жариялаған наразылық мәлімдемесінде заңға қайшы үндеулер болды деп айыптап, Қазақстан билігі 2005 жылы қаңтар айында ДВК партиясының қызметін тоқтатқан болатын. Сол жылы күзде Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы және биыл кезектен тыс тағы бір парламент сайлауы өтті. Елдегі оппозициялық күштер мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аталған сайлаулардың барлығында сайлау еркіндігінің талаптары бұрмаланды деген баға берді.