Тәуелсіздіктің 16 жылында есіңізде ерекше қалған оқиға ретінде нені атар едіңіз? Бірнеше республикалық басылым сенбі күнгі санында осы сауалды қояды. «Айқын» газетінде мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан: «Ізгілікті шаралардың ішінде айрықша айтылатын мәселе – оралмандардың Отанына орнығуы», - дейді. «Сонымен қатар шекарамыздың бәрін айқындап алғанымыз, ерекше атап өтер тарихи жағдай. Астананың көшуі де көңілге қонды», - деп жауап береді Парламент депутаты Бекболат Тілеухан. Қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев те астананың көшуі ерекше есте қалғанын айтады.
Сенатор Ғани Қасымов «Литер» газетінде 2007 жылы елдің президенттік басқару түрінен президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшуі үлкен жетістік деп есептесе, ақын Олжас Сүлейменов биылғы жылы парламенттің жасақталуы елеулі оқиға болды дейді. Оның айтуынша, «Ресей сайлауға дейін Думада тек бір партия жұмыс істемейтіндігіне кепілдік беретін заң қабылдаса, Қазақстан да соған келеді. «Оны соңғы сайлау көрестіп отыр», - дейді Олжас Сүлейменов «Литер» газетінде. Сонымен бірге ол Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі туралы шешім қабылдануын үлкен табыс деп бағалайды. Ал мұғалім Светлана Запивахина «Литер» газетінде парламенттің халықты әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заң жобасын қабылдауы ерекше есінде қалғанын және елдің өсіп-өркендеп, енді аз уақытта халықтың дамыған елдердегідей өсір сүретіндігін тілге тиек етеді.
«Время» газеті 5 мың астаналық құрылысшының Тәуелсіздік күні митингіге шығатынын хабарлайды. «Астаналық құрылыс компанияларының бірінде құрылысшылар 4 айдан астам уақыт жалақысын ала алмай отыр. Олардың әрқайсысына компанияның 500 мың теңгеден астам берешегі бар», - деп жазады «Вермя» газетінің тілшісі. Мақалада айтылған жайттарға қарағанда, құрылысшылардың барлығының дерлік мойындарында несиелері бар, енді бір жағынан банктер қысса, екінші жағынан күнкөрістің өзі қиындап кеткен. Алайда, астана билігі мейрам күндері алаңның адамға толып кететіндігін айтып, оларға тәуелсіздік күндері митингі өткізуге рұқсат бермей отыр. «Бірақ пролетарлар біржақты белдерін бекем буған», - дейді мақала авторы. Ал компания басшылығы желтоқсанның 16-сына дейін 5 миллион доллар несие алып, құрылысшылардың алдындағы қарыздарын өтеуге уәде берген.
«Экспресс К» газеті мереке қарсаңында Қазақстан президенті, Алматы және Астана қаласы әкімдерінің жекелеген азаматтарға сый-сияпат, марапат және пәтерлердің кілтін үлестіргенін бандайды. Оның ішінде «Экспресс К» газеті үш баланы аналарымен бірге өрт арасынан аман алып шыққан лейтенант Азамат Жұмаділовтің «Халық қаһарманы» атағын алғандығына айрықша тоқталады.
«Егемен Қазақстан» газеті сенбі күнгі санында Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай қандай құттықтаулар алғанын баяндайды. Оның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондализа Райс Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевпен телефон арқылы сөйлескен кезінде Райстың мереке күніне орай және Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалыққа сайлануына байланысты президентке құттықтауын жеткізгендігі баяндалады. «Райс Құрама Штаттар Қазақстанға төрағалық ету мәселесін шешу бойынша жүргізілген тамаша жұмыс үшін риза екенін мәлімдеді», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық етуі бойынша шешім Француз республикасында да кең резонанс тудырды», - деп хабарлайды «Казахстанская правда» газеті. Франция президенті Николя Саркози Қазақстанның мемлекет басшысына жолдаған хатында «Қазақстанның Орталық Азияда маңызды роль атқаратындығын» жазыпты. Газеттің хабарлауынша, «Құқықтық мемлекетті нығайту және ЕҚЫҰ құндылықтарын тарату бойынша республиканың міндеттемелері маңызды әрі сіздердің төрағалықтарыңызға табыс әкеледі», - депті Француз президенті Қазақстан президентіне жазған жолдауында. Франция Парламенті Сенатының төрағасы да Қазақстан енді осы халықаралық ұйымның прициптері мен нормаларынан айнымайтындығын паш ететін шығар дегенге сенім білдіріпті.