- 2007 жылдың қаңтар айынан бастап заңды және жеке тұлғалардың табысы туралы декларация толтыруға байланысты Үржар ауданы бойынша салық комитеті қызметкерлерінің енгізген жаңалықтары бізге күдікті болып көрінді. Бұрын декларацияны ауылды жерлерде салық төлеушілердің өздері тағайындаған адамына 600-800 теңге беріп толтыратын. Және сол адам толтырылған декларацияларды ауданға апарып өткізетін. Ал салық комитеті енгізген әлгі жаңалыққа сәйкес, енді ондайға тиым салынып, салық төлеушілер, шалғай ауылдарда тұрса да, аудан орталығына барып, Дүйсен, Ермек есімді кәсіпкерлерге 2500-2900 теңгеден төлеп, табыс декларациясын тек солар ғана толтыратын тәртіп енгізілді – бұлардың қолдаушылары Астанада отырған сияқты. Ал басқа адамдар декларация толтырмасын деген шешім шығарып қойды салық комитеті. Мемлекеттік органның бұлайша салық құжаттарын белгілі бір адамдарға ғана толтыртып, оған дейінгі қызмет бағасын 4 есеге дейін қымбаттатып жібергені неліктен деген сұрақ туды. Мәселен, аудан бойынша 21 мыңға жуық адам табыс декларациясын толтыруы керек екен. Солардың әрқайсы жаңағыдай шамадағы ақшадан төлесе 60 млн теңгедей қыруар қаржы құралады екен. Сөйтіп, әлгі күдігіміз шындыққа айналды. Соншама ақшаны әлгі екі адам ғана алады дегенге кім сенеді? Бұл істердің артында мүдделі топтың бар екені көрініп тұр емес пе? Мұның мәнісіне жетпек болып біз осы мәселені көтерген соң, декларацияны толтыру құқығы қайтадан қайтадан ауылдарға берілді. Бұл – салық комитетінің өзінің заңсыз әрекет еткенін мойындағаны іспеттес еді. Ал сонда, әлгі жаңалық енгізілген соң, елден алынған төлем қаржы, алыс-жақын ауылдардан аудан орталығына сабылуға мәжбүр болған адамдардың жол шығындары кімнің қалтасына барып түсті, бұл іске кім жауап береді? Осындай істерді бастауды о баста тапсырған кім? Бұл істерден аудандағы барлық құзырлы деген органдар хабардар, бірақ олардан халыққа еш қайыр болмады – бос уәде құрғақ сөзбен шығарып салудан ары аспады. Осының барлығын айтып-жазбаған жеріміз жоқ, алайда «баяғы жартас – сол жартас», әбден шаршадық, заңсыздықты анықтау ешкімге керегі жоқтай, өз басым ешнәрсеге сенбейтін болдым қазір.
Табыс декларациясын салық төлеушінің өзі толтыруды меңгеруі үшін оларға семинар-кеңес, оқытып-үйрету сабақтары неге өткізілмейді? Неге азаматтар басқа біреуге ақша беріп толтыртқызуы керек? Елдің барлығы сауатсыз емес қой?! Жалпы осы декларацияны жылда толтыру міндетті ме? Заңды және жеке тұлғалар істеген жұмыстарына, алған өнімдеріне байланысты жылдың аяғында есеп беріп, салықтарын төлейді, декларация деген осы емес пе? Неге салық комитетіндегілер басы артық, керексіз жұмыстарды елден талап етеді? Жоқ болмаса бұл өз баспаханасы бар жоғары биліктегі бәзбіреулердің керексіз, артық қағаздарын ақшаға өткізіп, орасан мол пайда табу жолы ма? Бұл істің артында ұйымдастырып отырған мүдделі жоғары шенді шенеунік немесе ұйымдасқан топ тұр ма деп еріксіз ойға қаласың. Кім біледі, ол да мүмкін... Бұл жалғыз менің ғана емес, бүкіл халықтың ойы, осы сауалдарға жоғары жақта билікте отырғандардан жауап күтеміз.