«Время» газеті «Рахатгейт» аталатын сот ісінде жаңа бетбұрыс пайда болды деп жазады. Жапа шегуші Армангүл Қапашеваның өкілі Маржан Аспандиярова сот отырысында «Нұрбанктің» бұрынғы басшысы Әбілмәжін Ғылымовтың Қазақстан президентіне жолдаған үндеуін оқыған. Онда ол президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев із-түзсіз жоғалып кеткен Жолдас Темірәлиевті тапанша кезеп қорқытып, «Міне, Алтынбек менен осы үшін қорыққан», - деп айтқанын жеткізген. Сондықтан, Маржан Аспандиярова осы мәлімдемені ескеріп, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктерінің өлтірілуіне орай прокуратура қылмыстық іс қозғауы тиіс деп есептейді. «Бұл уақытта қайтыс болған оппозициялық лидердің ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы Алтынбектің ісін қайта қарау туралы өтінішін Жоғарғы сотқа жібермек», - деп жазады «Время» газеті.
«Айқын» газеті биылғы жылы көпшілік назарын аудартқан тағы бір сот ісі – «Ақ жол» партиясы мен «Алматы-Инфо» газеті арасындағы сот ісінің қайта жалғасқандығын баяндайды. Бұған дейін Медеу аудандық соты «Ақ жол» партиясына 2 миллион теңгеден астам материалдық залал төлеу керектігі туралы шешім шығарғандығын айта отырып, газет тілшісі: «бұл шешімге наразылық білдірген партия өкілдері Алматы қалалық сотына шағымданған болатын», - деп жазады. Ақыры қалалық сот тараптарды тыңдағаннан кейін белгіленген шешімнің өзгертілетіндігін мәлімдегінін, бірақ нақты шешім 7-10 күн ішінде белгілі болатындығын хабарлайды «Айқын» газеті.
Қазақстандағы тауар бағасының қымбаттауы мен оған қарсы шараларды қолдану тақырыбы «Айқын» газетінің сәрсенбілік санында тағы қозғалады. Мақала «Үкімет жеңді ме, инфляция жеңді ме?» деп аталады. Онда газет тілшісі премьер-министрдің сөзіне сілтеме жасай отырып, «2008 жылы елде бағалардың басқа шауып, төске өрлеуіне қарсы тұруы керек. Өйткені сырттан келетін «инфляция импорты» қауіп төндіргелі тұр», - деп жазады.
«Егемен Қазақстан» газеті «Басты мақсат – инфляцияны ауыздықтау» деген мақалада үкіметтің бағаны реттеу ге ерекше көңіл бқліп отығнадығын жазады.
Алайда, «Экспресс К» газеті Қазақстанның «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы төрағасы Азат Перуашевтің 2008 жылғы экономикаға «өсу дерті» тән болатындығын мәлімдегенін жазады. Сондықтан, келер жыл отандық кәсіпкерлер үшін оңайға соқпайтындығын айтыпты Азат Перуашев «Экспресс К» газетінде. Ал осы газеттегі клесі мақалада парламент депутаттары мен үкіметтің 30 миллион теңгеден артық тұратын пәтерлер мен үйлерға басқаша, яғни, қымбат салық салу қажеттігін көтеріп отырғаны жазылыпты.
Ал «Литер» газетінде келесі жылдан бастап Алматы қаласында автобуспен жүру бағасы 60 теңге болатындығын хабарлайды. Бұл туралы жолаушыларға бірқатар тасымалдаушы компаниялар айтыпты. «Жолақысының 20 теңгеге қымбаттауы оңтүстік астанадағы жанар-жағар май бағасының қымбаттауына орай банкроттыққа ұшырау алдында тұрған автотұрақтарды аман алып қалады деп есептейді көлік тасымалдаушылары. Бірақ бұл өтініш туралы шешім әлі қабылданған жоқ», - дейді «Литер» газеті. Мақала авторы үкімет басшысының жанар-жағар майдың және жалпы тауар бағасының қымбаттауын қатаң қадағалауға уәде бергендігін тілге тиек ете отырып, «баға қымбаттауы болмайтын шығар» деп топшылайды.