Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12.19.2007жыл


Сәрсенбі күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаев ұзақ үзілістен кейін қайта республикалық басылым бетінен көрінді. Онда ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық етуіне байланысты ұстаным мен тәсілдер Ресеймен алдын-ала келісілгенін айтыпты. Сонымен бірге елші енді елдің өз ішінде де өзгерістер болады депті. Республикалық газеттерде сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы даулы мәселелермен қатар елдің құрылыс саласындағы күрделі жағдай сөз болады.

«Аргументы и факты Казахстан» газетінде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаевтың көлемді сұқбаты жарияланды. Газет тілшісі Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне орай Қазақстан мен Ресей арасында қандай да бір түсініспеушілік болды деген ақпарат тарағанын тілге тиек етіпті. Дегенмен, мұндай хабардың болғандығын, бірақ оның негізсіз екендігін алға тартады Қазақстанның елшісі Нұртай Әбіқаев. Оның айтуынша, Ресейдің Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ жұмысындағы бюрократия мен оның демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросына АҚШ-тың шектен тыс ықпал етіп отырғандығын сынға алған. «Осы жолы бұл ретте Қазақстаннан сын айтылмағанын байқаған журналист бәрін қосып, екі елдің арасында араздық бар деп қорытынды жасаса керек... Бірақ біздің ұстанымдарымыз, іс-әрекет жасау тәсілдеріміз алдын-ала келісілген болатын», - дейді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық етуі турасында. «Біз де Ресей сияқты осы құрметті халықаралық құрылымның жұмысында кемшіліктің бар екендігін көріп отырмыз, - дейді әрі қарай Нұртай Әбіқаев,- Сондықтан, барлық мүмкіндікті пайдаланып, әсіресе 2010 жылы Қазақстан басқа елдермен бірге оның рөлін күшейтуге ат салыспақ», - дейді елші. Сонымен бірге ол елдің өз ішінде өзгерістер болатындығына сенімді екендігін жеткізеді. «Кем дегенде Сайлау заңы мен БАҚ туралы заң мәселесінде өзгерістер болады», - дейді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаев.

«Экономика» газеті «Балқаш көлін қандай тағдыр күтіп тұр?» атты мақаласын Қазақстанның келесі бір үлкен көршісі – Қытаймен қарым-қатынастағы түйткілді мәселелерге арнайды. Мақала авторының пікірінше, әлемдегі ең ірі көлдердің бірі – Балқаш Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін. «Жақын уақытта біз осы жерде қолдан жасалған екінші экологиялық апатқа кезігетін боламыз», - дейді Қайрат Әмреев. Оның сөзіне қарағанда, көлдің жергілікті кәсіпорындардың шикізат қалдықтарымен ластануы былай тұрсын, Қытаймен екі арадағы мәселелердің шешілмеуі салдарынан көл суының көлемі азаю қаупі бар. «Судың 70 пайызы Қытай жерінен келеді. Ал Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының өнеркәсіптік және ауылшаруашылық даму қарқыны Балқашқа құйылатын су көлемін қысқартса керек», - деп есептейді газет тілшісі.

«Мегаполис» газеті Қазақстандағы құрылыс саласына баса назар аударған. «Сенім несиесі» және «Ойдағыны ашық айту» дегене мақалалар Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі – Қуаттың төңірегінденгі жағдайға арналыпты. «Бұл компанияның қаржылық жағынан күйрегендігі туралы алып-қашпа әңгімелер үлескерлерді ғана емес, осы компания құрылысшыларын да алаңдатады», - дейді газет тілшісі. Оның сөзіне қарағанда, осы компанияның жұмысшыларының жалақы төленуін талап етіп, митингіге шығатындарын айтқаннан соң компания басшылығы 1,5 мың жұмысшыға ақша аударған. «Бірақ қалғандары ештеңесіз қалды. Шынымен, Қуат банкроттыққа ұшырады ма?» деген сауал қояды «Мегаполис» газеті. Мақалада компания жұмысшылары тамыз айынан бері жалақы алмағандарын айтса, Парламент депутаты Владимир Нехорошев Үкімет үйін салған компанияның банкроттыққа ұшырауы мүмкін емес дейді. Ал депутат Владимир Бобров «егер Қуаттың қаржылық жағдайы дұрыс болып, міндеттемелерін орындауға жараса, мемлекеттен көмек алатын компаниялар тізіміне енеді», - дейді. Оның айтуынша, мемлекет қолдау көрсететін құрылыс компанияларының тізімі ашық және жариялы түрде дайындалуы тиіс. «Ұзақ төзу үлесі» деген мақалада газет тілшісі ондай тізімнің кейбір интернет басылымдарында жарияланып кеткендігін, бірақ тізімдегі компаниялардың таңдап алыну принципі көп сұрақ тудырытынын баяндайды. «Басылымдар Қазақстанда құрылыс саласын қолдау деген ұранмен өтіп жатқан кең көлемді акцияның кейбір қызықты детальдарын ашуда. Айталық, қаржыландыру тізіміне кірген 9 құрылыс кешенінің әлі қазығы да қаланбаған. Ал бұған дейін Астана әкімінің орынбасары ақша аяқталуына аз қалған құрылысқа құйылады деп уәде берген», - дейді газет тілшісі. Сонымен бірге тізімге кірген 19 тұрғын үй кешенінің бірде-бір пәтері сатылмаған. «Ал мемлекет органдарының өкілдері болса, бюджеттен бөлінетін миллиондар тек қана үлескерлердің ақшасы салынған құрылысқа жіберілетіндігін қайталап айтқан», - деп жазады «Мегаполис» газеті. Оған қоса мақала авторы тапысырыс беруші ретінде Денсаулық сақтау министрлігі, Әділет министрлігі тіркелген құрылыс нысандарына қатысты құжаттарда ақпаттар тек үйдің мекен-жайын көресетумен ғана шектелген. Сонымен бірге газетте келтірілген деректерге қарағанда, тізімге қымбат элиталы үй салатын шетелдік компания да кіріп кеткен. Мақала соңында мемлекеттен ақша алатын құрылыс комапнияларының тізімі жақын күндері астана әкімшілігі сайтында жариялану керектігі хабарланған.
XS
SM
MD
LG