Дінтанушы Мұртаза Бұлытайдың пікірінше, бұл заң қабылданғалы бергі өтсе де бір де бір рет өзгерістер мен толықтырулар жасалмаған, яғни заң қазіргі кезге лайық емес, ескірген.
- Бұрынғы заң өте асығыс жағдайда, үлкен кемшіліктерге жол бере отырып қабылданып кетті. Ең үлкен кемішілігі сол – кез-келген діни бірлестіктерге еркін жол ашуға мүмкіндік бергендігі болды. Сондықтан бүгінде Қазақстанда 49 конфессия және 4 мыңнан астам діни бірлестіктер жұмыс істейді, ал олардың немен айналысып, қалай жұмыс жүргізіп отырғанына назар аударып, оны бақылап отырған ешкім де жоқ, - дейді М.Бұлытай.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі Болат Дүйсембі жаңадан демократиялық қоғам орнатып жатқан Қазақстан секілді мемлекет жалпы дін мәселесінде діни сенім бостандығы қағидасы мен халықаралық адам құқығы қағидаларын еске ала отырып, ашық-шашық болмай, өте сақ болғаны дұрыс дейді. Ал дінтанушы, жазушы Уақап Қыдырқанұлы бұл мәселенің мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мәслесіне тікелей әсері бар екенін айтады.
- Бұрынғы заңның дұрыс болмауы салдарынан елге шетелдерден, тіпті сол жақта іс-әрекеттеріне тиым салынған көптеген діни секталар мен діни ағымдар еніп, өз жұмыстарын емін-еркін жүргізіп жатыр. Бұл қоғамда түрлі қиындықтар туғызып жатыр, - дейді ол.
«Ел мәдениеті» газетінің бас редакторы Асан Сарқұлов жалпы діни сенім бостандығы мәселесінде ақпарат құралдары өте абай болуы тисті деген пікір айтады.
Қоғам өкілдері жаңа заңда діни бірлестіктерді тіркеу мәселесін қатайту керек, сондай-ақ олардың қайдан, қалай қаржыландыратындығы қатаң бақылуда болуы керек деген ұсыныстарын білдірді.