Қазақстанның сыбайласқан жемқорлыққа қарсы агентігінің баспасөз қызметкері Әбдірәлі Бөлебай: «Антикоррупционный вестник» басылымының меншік иесі Тоқберген Әбиев Қазақстанның экономикалық және сыбайласқан қылмысқа қарсы агеттігінің қызметкеріне сот органдары қызметкерлерінің беделін түсіретін материалдар беру үшін жалпы көлемі 1600 АҚШ доллары мен 50000 теңге пара бермек болған сәтінде мамырдың 17-сі күні ұсталды. Қаржы полициясы оның үстінен қылмыстық кодекстің 312-бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір Әбиев Астана қаласының ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ал мамырдың 20-сы күні Астана қаласының прокуратурасы оған қамау шарасын тағайындады», деді.
Тоқберген Әбиев бұдан бұрын жабылып қалған «Закон и правосудие» басылымының иесі болған еді. Басылым бетінде Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәмиді сынға алған мақалалар жариялап, оның қызметінен кетуін талап еткен болатын. Содан кейін көп ұзамай – осыдан үш ай бұрын «Закон и правосудие» басылымы сот шешімімен жабылып қалды.
Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалына бақылау жасайтын «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева қазір бұл жағдайды назарларында ұстап отырғандығын айтты. Ол «Қазірге басылым редакторы пара берді ме, бермеді ме? Оның ондай қылмысқа барған-бармағандығына байланысты кесімді пікір айтатындай қолымызда нақты дерек жоқ», дейді.
Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын бүгін пара берді деген күдікпен қамауға алынған Тоқберген Әбиев басқарған «Закон и правосудие» басылымының тілшісі Оралғайша Орманшанова Қазақстанда із-түссіз жоғалып кеткен еді. Күні бүгінге дейін оның тағдырынан хабар болмай отыр.
Ал кейбір тәуелсіз журналистер бұл басылымның бағыты мен көздеген мақсаты түрлі пікір тудырғанын айтып отыр.
Солардың бірі тәуелсіз журналист Шәріп Құрақбаев: «Журналистің қамауға алынғаны, әрине, жақсы хабар емес. Жабылған «Закон и правосудие» басылымы мен оның меншік иесіне қатысты қоғамда қарама-қайшы пікір болғаны рас. Тоқбергеннің соттарға қатысты материалдар жариялап, олармен айтысқанда да өзінің жеке басының мүддесін қорғап жүр деген пікір бар. Қалай болғанда да, біздің қоғамда кейбір журналистердің баспасөз құралын өз жеке бас мүддесіне пайдаланып, пайда тапқысы келетіні де бар. Менің журналист болып істеп жүргеніме талай жыл болды. Кейбір адамдар түрлі шатақтарды қолдан ұйымдастырып, өздері отқа май құйып жатады. Ондай журналистерді кездестірдім. Ал Тоқберген Әбиевке қатысты жағдайдың саяси астары бар немесе қолдан ұйымдастырылды деп айту қиын. Қалай болғанда да істің ақырын күту керек», - дейді.