Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай оппозициялық екі саяси партияның бірлескен ұсыныс жасауына не себеп болғанын былайша түсіндірді:
- Қай уақытта да билік өкілдері «оппозициялық партиялар ешуақытта да, ешқандай ұсыныс жасамайды, ешқандай зияткерлік, шығармашылық белсенділік танытпайды, ешнәрсеге әлдері келмейді» деген сөздерді көп қолданады. Сондықтан да өз мүмкіндігіміздің қандай екенін көрсету мақсатында бүгін біз сіздердің алдарыңызға төрт заң жобасын ұсынып отырмыз.
«Азат» демократиялық партиясының жетекшісі Болат Әбілов бұл айтылғанды толықтырды:
- Ақ Орда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға боламын деп бұған дейін көп уәде берген болатын. «Әділ сайлау өткіземіз, сөз бостандығы болады, елімізде толық демократия орнатылады» деп берген сол уәделерін, бірақ, күні бүгінге дейін орындамай келеді. Менің айтарым, ол уәделер, тек қана Ақ Орда атынан емес, бүкіл қазақ халқының атынан берілген уәделер. Егер берген уәделерден тайсақ, оған тек Ақ Орда ғана масқара болмай, бүкіл қазақ халқы масқара болады. Сондықтан, екі партия бірігіп, осы төрт заңды ұсынғанды жөн көрдік.
Қазақстандағы оппозициялық екі партияның «өзекті әрі маңызды» деп ұсынып отырған заң жобалары «Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі» ҚР Конституциялық заңына; «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»; «Саяси партиялар туралы» және «Бейбіт шеру, митинг, пикет өткізуді ұйымдастыру тәртібі туралы» заңдарға демократиялық өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
«Сайлау туралы заңға» байланысты оппозиция сайлау комиссияларының ең аз құрамын 7 адам деп жасақтап, оған сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар мен кандидаттардың өкілдерін енгізуді; алдын-ала әзірленген бюллетеньдерді пайдалану мүмкіндіктерінің алдын-алу мақсатында сайлау бюллетеньдерін бақылау (үзбелі) талондарымен қоса дайындау жөнінде заң жүзінде талап енгізуді; саяси партиялардың сайлау блоктарына бірігу құқын қайта енгізіп, Мәжіліске өту межесін бүгінгі қолданыстағы 7 пайыздан 5%-ға дейін төмендетуді; электронды дауыс беру әдісін алып тастауды ұсынады.
Ал «БАҚ туралы» заңға байланысты оппозиция бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің басты принципінің бірі ретінде «ел ішіндегі идеологиялық және саяси алуандылықты мойындау» дегенді бекіту; БАҚ-ты монополиялауға заңды тұрғыда кедергі орнату; тұрақты түрде жұмыс істейтін – бұқаралық ақпарат құралдарының мәселесі бойынша тәуелсіз Ұлттық Кеңес құру қажет деп отыр.
Сондай-ақ олар саяси партия құру жөніндегі ұсыныс жалпы саны он адамнан аз болмайтын топтың еншісінде болуы тиіс және бұл топ – саяси партияның ұйымдастыру комитетін құрып, құрылтай съезін (конференциясын) шақыруы тиіс; саяси партияны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін оның құрамында: облыстардың жартысынан көбінде, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасының астанасында жалпы саны 10 адамнан кем болмайтын мүшесі бар құрылымдық бөлімдерді (филиалдар, өкілеттіктер) құрайтын бес мыңнан кем болмайтын мүшесі болуы тиіс деген өзгерістерді заңға енгізуді қалайды.
Қазіргі қолданыстағы заң талабы бойынша Қазақстанда саяси партияны тіркеу үшін оның кем дегенде елу мың мүшесі болуы тиіс.
Сол сияқты, жобада саяси партияларды қолдау және саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру тәртібінің жалпыға бірдей жағдайы ұсынылған. Сонымен қатар оппозиция қолданыстағы «Бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң адам құқының мазмұны мен маңызын аяққа басқан шектеулер мен тыйым түріне жол беріп отыр деп есептейді. Олар ондай жиын-шараларға билік орындарынан рұқсат сұрап емес, ескерту хабарламасын беру арқылы да өткізе беру керек деген ұсыныс айтты.
Сондай-ақ олар билік органдарына ескерту хабарламасын беру мерзімін бұқаралық акция өткізілетін күннен 10 күн бұрын емес және 5 күннен кешіктірмейтіндей етіп белгілеу тәртібін бекітуді ұсынады. Бірақ, «бірнеше адамнан тұратын топ пикет өткізетін болса, онда өздері белгілеген күннен 3 күннен кеш қалмай атқарушы билікке ескертуі тиіс. Ал, үш не одан да аз адам пикет ұйымдастыруды мақсат тұтқан болса, бұл үшін билік органдарын алдын-ала ескерту қажет емес» деген ұсыныс айтты.
Оппозиция өкілдері Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі қарсаңында билік ел ішінде шынайы демократиялық өзгерістер жүргізуге кірісе ме, әлде әдеттегідей көзбояушылық әрекеттен әрі аспай ма деген мәселенің өзектілігі одан әрі арта түседі дейді.
Олар өз мәлімдемелерін «бүгінгі монопартиялық парламент пен ел үкіметінің біздің ұсыныстарымызды қабылдау не қабылдамауы билік ниетінің қаншалықты шынайы екендігін анықтап беретін объективті көрсеткіш болары хақ» деген тұжырыммен аяқтапты. Сондай-ақ оппозиция өздерінің осы ұсыныстарына билік назар аударады дегенге сеніңкіремейтінін жасырмайды.
- Ең бастысы, бұл проблемаларды біз бүгін ғана ашып отырған жоқпыз. Бұрын да бұл мәселелерді көтергенбіз, бірақ бүгінгі күні мұның өзектілігі артып, биліктің өзі осы төрт заң бойынша тиісті өзгерістер жасаймыз деп Мадридтегі кездесуде уәде бергендіктен, біз осы мәселе бойынша өз ұсыныстарымызды ашық айтып отырмыз. Біз бұл ұсыныстарымызды Президент әкімшілігіне, Үкіметке жібереміз. Қалай қарайды?... Тіпті, қажет болса, халықаралық ұйымдар мен ЕҚЫҰ-ға жібереміз деп отырмыз, - деді Жармахан Тұяқбай.
Ал егер оппозиция басшыларының өздері осы ұсыныстарына «билік назар аудармайды-ау» деп сенімсіздік танытса, онда бұл ұсыныстардың маңыздылығы неде? Бұл сұрақты тәуелсіз журналист Ермұрат Бәпиге қойған едік.
- Бұл - қоғамға ең қажетті заңдар. Оның билік тарапынан қаншалықты қолдауға ие болатыны - басқа мәселе. Менің ойымша, бұл арада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен «Азат» партиясы осы заңдарға қозғалыс беру арқылы қоғамда бастаманы бірінші алудың жолын таңдаған сияқты. Түбінде осы заңдарға ЕҚЫҰ-на төрағалыққа дейін қандай да бір өзгерістер енеді. Сол кезде осы негізгі бастаманы көтергені осы партияларға саяси ұпай береді деп есептеймін, - дейді журналист Е.Бәпи.