Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары ең алғаш өзбек тіліндегі газеттің басылып шыққан күні 27 маусым екен. Қазіргі таңда Өзбекстанда 170-тен астам басылым, жүздеген интернет-сайттары бар.
Өзбекстан президентінің жарлығына сәйкес, 2002 жылдың 3-ші маусымынан бастап цензураға тиым салынған. Мемлекеттегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы «Журналистердің кәсіби қызметін қорғау туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы» және т.б. заңдармен реттелген.
«Басылым саны бұрынғы Одақ кездегіден көп болғанымен, көптеген тілшілер президенттің цензураны алып тастағаны туралы жарлығына емес, өздерінің ішкі цензурасына көбірек алаңдап, қайтсем билікке жағамын деп, жалтақтап тұрады. Нәтижесінде жекелеген шенеунікті сынаған сыңайлы, қырсыз, тіссіз материалдар жарияланады», - дейді Қығызстанда бас сауғалап жүрген өзін Дильмурад Ахметовпын деп таныстырған Өзбекстанның тілшісі.
«Сөз бостандығын айтсақ, ол Совет дәуірінен де жаман. Ресми билік «сөз бостандығы», «адам құқығы», «демократия» туралы көпіртіп айтып жатқанымен, БАҚ қатаң бақылау астында. Қазір Өзбекстандық тілшілерге қандай да шет елдік басылымдармен, мейлі ТМД елдері болсын, Сыртқы істер министрлігінің арнайы рұқсатынсыз жұмыс істеуге тиым салынған. Ал егер ондай тілшілер табылса, оларды арнайы қызмет қудалап, тіпті соттап та жатқан жағдайлар бар.
Әлемнің талай елдерінде еркін жұмыс жасайтын «Би-Би-Си», не «Азаттық» деген радиоларға Өзбекстанда жұмыс істеуге тиым салынған. Көптеген интернет-сайттар, ол мейлі Өзбекстанның оппозициялық күштерінің сайттары болсын, не Өзбекстан туралы жазатын ТМД елдерінің , не алыс шет елдің сайттары болсын «кілттеліп» қойылған. Бұрындары прокси серверлермен осындай «кілттеулі» сайттарға кіруге болатын еді, қазір ол да мүмкін еместігі туралы мәліметтер бар», дейді ол.
Uznews.net интернет-сайтының мәліметі бойынша, Өзбекстандағы «кілттеулі» сайттардың саны 50-шақты екен. Олардың 14-ті оппозициялық болса, сегізі адам құқығын қорғаушылардікі де, жиырма шақтысы халықаралық сараптамалық сайттар.
Өзбекстанда осындай «кілттеулі» сайттардың бірі Қазақстандық zonakz.net сайты. Осы интернет-сайттың жетекшісі Юрий Мизинов Өзбекстан интернетшілерінің цензураға қарсы өткізіп жатқан шараларынан да, тіпті кез келген басқа акцияларынан еш нәтиже шықпайды деген пікірде. Оған өзге журналистер де қосылады.
«Оның объективті себептері де бар. Халықтың интернетпен қамтылу көрсеткіші өте төмен болғандықтан, Қазақстанда бұл көрсеткіш енді ғана он бір пайыздайға жетті, ал Өзбекстанда ол одан да төмен, сондықтан бұл акция көпшіліктен қолдау табуға бағытталмаған, ол мынау, халықаралық қауымдастыққа көбірек бағытталған. Бәлкім, өзбекстандықтардың басқа амалы жоқ болғандықтан осыған барып отырған болар. Десек те мұндай шаралардың тиімділігі шамалы болады, себебі, осыған ұқсас шараны жуық арада Белоруссия да өткізген. Бірақ ол да айтарлықтай нәтиже бермеді-ау деймін», - дейді Қазақстандағы «MediaNet» журналистер орталығының директоры Әділ Джалилов.
Айта кететін бір мәселе, маусым айының басында Өзбекстандағы НТТ телеарнасында халықаралық «Азаттық» радиосы мен оның өзбекстандық тілшілерін жаппай қаралаған хабарлар көрсетілді.