«Былтыр күзде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Мадридте өткен жиынында Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин партияларға еркін бәсеке таласында билікке жетуге мүмкіндік берілетіндігіне уәде еткен. Мен бұл уәде талаптары қазіргі уақытта орындалды деп есептемеймін».
Шілденің бірі күні Астанада баспасөз мәжілісін өткізген АҚШ сенаторы Бенджамин Кардин осындай мәлімдеме жасап, осы саладағы реформалардың 2008 жылы көру мүмкіншіліктерін асыға күтіп отырғандығына тоқталды.
Маусымның 29 күні Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17 сессиясының бірінші күнінде «Қазақстанда кем дегенде екі партиялық парламент құратын механизм жасау керек, бірақ, партия жасау біздің Конституцияға сай болу тиіс» деп мәлімдеген болатын.
Алайда қазақстандық оппозиция өкілдерінің ішінде келешекте болатын екі партиялық парламенттен оппозицияға орын бұйыратындығына сенімсіздікпен қарайтындар да бар.
Солардың бірі Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында, Астанада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясы жиынының елдегі демократия мәселесіне ықпал ете алатындығына күмән білдірді.
«Қазір АҚШ адам құқықтарынан гөрі мұнай мен энергоресурсты көбірек ойлайды», - дейді Серікболсын Әбділдин.
Президент Назарбаев төрағалық ететін билікшіл «Нұр Отан» партиясының бас заңгері Юрий Сыпченков мүшелерінің саны көп болуы талап етілмей, ендігі уақытта партияның тіркелуі жеңілдетіледі деген пікірде. Оның айтуынша, Қазақстанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтуі де әбден мүмкін.
Алайда радикалды емес оппозицияға жатқызылып жүрген «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов бұған күмәнмен қарайды.
«Біріншіден, оның қажеті жоқ, екіншіден, бұл биліктің өз қателіктерін мойындауы болады», - дейді ол.
Коммунистік партия жетекшісі Серікболсын Әбділдин: «елде бір партиялық парламенттің пайда болуына ең алдымен президент Назарбаевтың септігі тиді. Сондықтан, бәрібір оппозиция парламентке кіре алмайды», дегенді айтты.
Қазақстанда ресми тіркеуден өте алмай жүрген оппозициялық «Алға» партиясының басшылығында болған Асылбек Қожахметов, партия құрылысы саласында билік оппозициямен ымыраға келуі ықтимал деп есептейді.