Accessibility links

Моңғол-қазақ көшпенділері чех жерінде мереке өткізді.


Чехияда өткен көшпенділер мерекесі,12 шілде 2008
Чехияда өткен көшпенділер мерекесі,12 шілде 2008

12 шілдеде Прага маңындағы Ледсе ауылында көшпенділердің мерекесі өтті. Қазақстан мен Моңғолияның Чехиядағы елшіліктерінің қолдауымен өткен шараға Чехияда тұрып жатқан қазақ-моңғолмен қатар ортаазиялық елдердің өкілдері қатысты.

Бұл шараның мақсаты чех еліне көшпенді халықтың өмірінен көрініс көрсетіп, көшпенділердің мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы түсінік беру дейді, Чехиядағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі Серікжан Алиханов.
Көшпенділердің өмірі туралы бұл шараны ұйымдастырған Чехиядағы Қазақстанның “Елім-ай” мәдени орталығының өкілі Георгий Копытов, мұндай шараны өткізу туралы жоспар біраздан болған, кейін көшпенді моңғол елімен бірге ұйымдастыру туралы ой келді дегенді айтады:
“Бізге Моңғол және Қазақстан елшіліктерімен көшпенділердің өмірі туралы баяндайтын шара өткізу жөнінде ой келді. Біздің мұндағы ғаламдық мақсатымыз - шығыс пен батыстың мәдениетін жақындату, адамдарды ұстамдылыққа тәрбилеу, адамдар арасындағы ұстамдылық пен төзімділік тек араласу, мәдениетін білу арқылы келеді,”-дейді “Елім-ай”мәдени орталығының жетекшісі Г. Копытов.
Көшпенділер мерекесін өткізуге мұрындық болған Чехиядағы Моңғол елшілігі де алаңға киіз үй тігіп, ұлттық киімдерін танытып жатты.Моңғол елшісі Эхтор Очерен монғол-қазақ көшпенді дос елдің мерекесіндегі ауа-райы, адамдардың көңіл-күйі тамаша,осындай мерекені өткізуді қолдаған чех достарымызға көп рахмет деді.
Моңғол елшілігі тіккен киіз үйде сурет көрмесі өтіп, моңғолдың ұлттық күресінен жарыс өткізілді.
Ал Қазақстан елшілігінің бұл шараға қосқан үлесі садақ ату жарысы, атқа мініп серуендеу, қазанда палау пісіру және концерттік қойылым болды.
Чех еліндегі қазақ-моңғол көшпенділерінің кездесуі.

Көшпенділердің бейресми мерекесіне өзінің туған елі мен жерін сағынып жырақта жүрген қазақ қыздары да келді. Чех ұлтына тұрмысқа шыққан Зылиқа Вейссова өзінің қазақ деген қанымен бұл мерекеде толқып жүргенін айтады.
Көшпенділер тойының самаурыны.
Чех жігітімен тұрмыс құрған тағы бір қазақтың қызы Анаргүл Қадырханова да қазақтар жиналған жерден өзінің қалмайтынын, отбасын түгел ала келетінін айтты. Тіпті Анаргүлдің жолдасы Мирослав әйелінің фамилиясын алғанын мақтанышпен айтады:
“Оны жақсы көрген соң фамилиясын алдым. Бір отбасы болған соң, бала-шағамызбен ортақ фамилиялармыз болған дұрыс деп санаймын. Және бұл қоғамға үлгі болуы керек. Чехияның тарихында әйелінің фамилиясын алу жағдайлары болған, бірінші президент Томаш Гарек Масарик те әйелінің фамилиясын алған, оған біздің заңымыз жол береді. Менің бірінші фамилиям Қадырханов, екіншісі Маху,”-дейді қазақтың күйеу баласы.
Анаргүлдің өзі де Қазақстан туралы білгісі келетіндерге мектептерде, кітапханаларда дәріс беріп жүргенін айтады. Көшпенділер тойы туралы хат арқылы біліп келдім деген Анаргүл осындағы көп қазақтар бұл жиын туралы естімеген болар, көп танысымды кездестіре алмай тұрмын деп қынжылып қалды.
XS
SM
MD
LG