Полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, заңсыз мигранттардың 13-і өздерінiң Ресейге заңсыз әкелінгендігіне бірнеше ай болғанын айтқан. Содан бері өзбекстандықтар Мәскеу облысындағы Раменский ауданы Чулково ауылындағы фабрикада күніне 14 сағат бойы пияз сұрыптап келген. Оларға тек Мәскеуге барып- келу жолы ғана төленген. Сонымен қатар, тұтқында болғандар полицияға өздерінің төлқұжаттарын жұмыс берушілері тәркілеп алғанын, бернеше айдан бері олардың еңбек ақыларын төлемей келгенін, керісінше, жұмыс орнындағы тәртіпті бұздың деп айыппұл салып келгенін де айтқан. Кейбір өзбек келіншектерін жұмыс берушілер жыныстық қатынсқа мәжбүрлеп, мигранттардың жұмыс аймағынан шығуына тыйым салынған.
Чулково ауылындағы заңсыздықтар туралы полицияға ол жерден қашып шыққан бір тұтқын өзбек хабарлаған. Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Иннокентий Неферовтың сөзіне қарағанда, құлдықта ұсталып келгендерді босату операциясы тез арада ұйымдастырылған:
“Операция өте шұғыл ұйымдастырылды, өйткені олар өздерінің бір тұтқыны жоқ болып кеткенін байқап қалса, сол қамаудағы адамдарды басқа жерге көшіріп жіберуі мүмкін болды, сосын оларды қайтадан табу өте қиын болар еді. Сондықтан біздің агенттеріміз сол жаққа бірер минуттарда жетіп, бірнеше секундтардың ішінде олар сол жердегі барлық адамды ұстады”.
Шұғыл операция кезінде өзбектердің қожайыны болып келген ұлты әзірбайжандық екі бақылаушы қамауға алынды. Енді оларға өзбектерді күшпен қамап, мәжбүрлі түрде жұмыс жасатқызып келген деген айып тағылады. Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің адамды еркіндігінен заңсыз айыру және құлдық еңбекке пайдалану баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл іс бойынша күдіктілер айыпты болып танылса, оларды 15 жылдан түрме жазасы күтіп тұр. Неферовтың айтуынша, қылмысты ұйымдастырғандардың кімдер екені анықталған, бірақ олардың аты-жөні туралы айтылмай отыр. Дегенмен, олардың тегі әзірбайжандықтар екенін нақтылаған Неферов тұтқындағыларды босату операциясы кезінде қылмысты ұйымдастырушылар елден тыс жерде болғанын айтты.
Қамаудан босатылғандардың 13-і өздерін заңсыз ұстап келгендерге қарсы куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді.
Олар сыртқы қысымнан қорғалу үшін халықаралық миграция ұйымының реабилитациялық орталықтарына жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, құлдықта ұсталып келгендердің ұзақ уақыт ауыр жағдайда жұмыс істегендіктен, бесеуінің денсаулықтарын емдеу қажет болып отыр.