İшімдіктің уытына мас болып отырғанында қарны ашқан баласын жылағаны үшін пышақ жұмсап "жуатпақшы" болған әйел өзінің кінәсін толық мойнына алды.
Ол темір тордың аржағына спирттік ішімдіктің әсрімен 2 жасар баласына пышақты екі рет тығып алғаны үшін қамалған еді.
Кішкене бала қарны ашқандықтан шырылдап жылай беріп, мазасын алғанын көтере алмаған анасы сәбиден осылайша құтыламын деп ойлаған.
İсті қарай келе Қарағанды қаласындағы Октябрь аудандық сотының судьясы Жанат Меңдібаев ауыр қылмыс жасады деп тауып, Наталья Ишназарованы 5 жылға бас бостандығынан айырды
Абырой болғанда, екі жасар сәбиді дәрігерлер өлімнен аман алып қалды. Қазір оның денсаулығы жақсарып келеді.
Баласының тірі қалғандығын естіген анасы өзіне шығарылған үкіммен келіспей отыр. Бұл жазаны азаматша Ишназарова өте қатал деуде. Ол мұндай әрекетке өзінің әлеуметтік жағдайының тым төмендігінен барғандығын айтады
Ал Октябрь аудандық прокуратурасының прокуроры Марат Ақұловтың айтуынша мұндай жағдай оның тәжірибесінде бұрын-соңды кездеспеген жайт.