“Егер Ресей өз ішіндегі үлкен проблемаларға жол бергілері келмесе, премьер министр Владимир Путин аттың басын тартып ұстағаны жақсы болар еді. Өйткені бұл әдепкі жағдайға айналып кетсе бізде тек екі аймақ қана бар, ал Ресейде 50-ден аса автономиялық аймақ бар”.
“Бұл шешім менің пікірімше, тек формалды болды, бұл бұрын шешіліп қойған. Олар бізден әлдеқашан тәуелсіз болған. Біздің мемлекет ештеңе жасай алмады. Абхазия мен Оңтүстік Осетияның бізбен ешқандай қарым-қатынас құрғысы келмейтіні бізге әрине жаман. Олар толығымен Ресейге тәуелді болып отыр. Сондықтан Абахзия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктері жүзеге асады деп айта қою бекер болады,”-дейді студент Анна Ихоная.
Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін ресми Мәскеу мойындайтынын қарапайым халық баяғыдан білген дегенді айтады университет профессоры Лиа Цурцумия:
“Біз, тұрғындар, бұлай болатынын күткенбіз. Үкімет те осылай болатынын білді ме, жоқ па оны біз білмейміз. Біз Ресейдің соңғы 3-4 ай бойы жасаған барлық қадамдарын, ақырында осы бағытқа бастайтынын білгенбіз. Бұл әрине жақсы емес. Менің ойымша, Ресей осы қадамымен Грузияның аймақтық тұтастығы бұзылғанын көргісі келеді”.
59 жастағы экономист Мзия Гурденижзе:
“Олардың шешімі қате болған сияқты. Цхинвали мен Абхазия екеуі де әрдайым Грузияның бір бөлігі болып келген, енді ол қалай болуы керек. Грузиялықтардан немесе халықаралық келешектен бөлек болу міндетті түрде кері салдарын әкеледі”.