Accessibility links

К.Мәсімов: Қашағанға қатысты мәселе 25-қазанға дейін аяқталады


Қашаған жобасына қатысты даулы мәселе бойынша тараптардың келісімі қазанның 25-іне дейін аяқталатын болады, деп мәлімдеді Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Астанада ІІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөйлеген сөзінде.
«Консорциумға қатысушылардың барлығымен өткізілген күрделі келіссөздердің нәтижесінде Үкімет мемлекеттің аталған жобадағы үлесін 16,6 пайызға дейін ұлғайтты. Жобаны жүзеге асыру мерзімі өзгергені үшін еліміз өтемақы алатын болады», - деді К.Мәсімов.
XS
SM
MD
LG