Венесуэланың әскери теңіз күштері басқармасының ресми өкілі контр-адмирал Сальбаторе Каммарата Бастидастың мәлімдеуінше, қарашаның 10-14 аралығында Венесуэланың аймақтық суларында өтетін жаттығуларға мыңға жуық Ресей теңізшісі қатысады. Жоспарланып отырған жаттығулар “үлкен маңызға ие” себебі Ресейдің әскери теңізшілері Латын Америкасында мұндай жаттығуларды алғаш рет өткізбек дейді контр-адмирал. Бұл туралы сенбі күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен Франц-пресс ақпарат агенттігі хабарлады.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Андрей Нестеренконың мәлімдеуінше, жоспарланып отырған бірлескен жаттығулар үшінші бір мемлекетке бағытталмаған.
Айта кету керек, соңғы күндері Вашингтон мен Мәскеу бір-біріне Грузияға байланысты талай дөрекі сөздер айтып тастады.
Сенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ өзінің одақтас елі Грузияға көмек тасымалдау үшін әскери кемелерін пайдалану арқылы Мәскеуді арандатуда деп айыптады.
“Өкінішке орай, жағдай мынадай болып тұр, яғни осындай күштердің әрекеттерінің нәтижесі Грузия режимінің қайта қаруландырылуын одан әрі жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, олар гуманитарлық көмек тасымалын сылтауратып бүкіл флотты жіберіп отыр”, - дейді Медведев.
Мемлекеттік ақылдасу кеңесінің жиынында сөйлеген сөзінде Медведев Грузияның жікшіл аймақ - Оңтүстік Осетияны бақылауға алуға бағытталған әскери әрекетінен шыққан өткен айдағы соғыстан кейін Ресей есептесуге тұратын ел деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Мәскеуде Грузияның тағы бір жікшіл аймағы - Абхазияның жетекшісі Ресеймен әскери ынтымақтастық орнатқысы келетінін айтты. Сергей Багапштың атап көрсетуінше, мұндай келісімге алдағы бірнеше күннің ішінде қол қойылмақ.
“Біз Ресей федерациясынан Ресей күштерін қалдырып, оларды Абхазияға орналастыруды сұраймыз. Бұл Гудаути мен Очамчирде, “буферлік аймақтың” алдында болады. Ал Абхазия шекарасына келетін болсақ, ол жаққа барлық жерімізді бақылайтын шекарашыларымызды орналастыратын боламыз. Бұл сондай-ақ теңізге жақын шекарамызға да қатысты. Біз Ресейден Абхазияның аймақтық суларында бірнеше теңіз кемелерін қалдыруды сұраймыз”, - дейді Багапш.
Өткен айда Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындады.
Ал АҚШ вице-президенті Дик Чейни Мәскеуді бұрынғы қорқыту-үркіту әдістеріне оралып, “зорлық-зомбылық" жасауда деп айыптады.
Чейнидің айтуынша, Мәскеудің қарсылықтарына қарамастан, НАТО-ның кеңеюі одан әрі жалғасады. Өткен аптада бұрынғы Совет елдеріне барған АҚШ вице-президенті бұл мәлімдемесін Италияда жасады.
Бұған қоса, АҚШ-тың Венесуэламен қарым-қатынастарында проблемалар бар. Венесуэла президенті Уго Чавес Вашингтонның өткір сыншысы деп есептеледі.
Чавес Ресейдің Грузиядағы араласуына қолдау танытты, ал Вашингтонды Грузияны пайдаланып, Ресейді әлсіретпекші деп айыптады.