Негізінен қоғамдық қозғалыс өкілдерінің үкіметтен нақты қолдау болмайынша, әр айдың 6-шы жұлдызында Үкімет үйінің алдына шығып отырамыз деп келіскен келісімдері бар.
Бұл жолы наразылық білдіруге ипотекаға пәтер алып, бірақ уақытында банкке ақша төлей алмай отырғандар, үйлері сүріліп, оған өтемақы ала алмай жүргендер және 10 сотық жерге зәру қала тұрғындары шығыпты. Мәселен, Сәуле Тасболатқызы ипотекалық бағдарлама алғаш шыққан кезде 18 пайызбен несиеге пәтер алғандығын айтады. Енді дағдарыс басталғанда жұмыссыз қалып, уақытында банкке ақша төлей алмай отыр екен.
– Біз ақшаны мүлдем төлемейміз деп айтпаймыз. Төлейміз. Бірақ, бізге уақыт берсе екен. Жұмыс тапқан соң ақшаны қайтарамыз. Ал банк қызметкерлері сотқа беріп, бірден пәтерлерімізді тартып алуға дайын тұр. Билік қол ұшын берсе, – дейді Сәуле Тасболатқызы.
Ал Валентина Чикимова өзінің Астанада тың игеру дәуірінен бері тұрып жатқандығын, енді өзінің тұратын үйін сүріп, көше салып тастағанын, бірақ өтемақыға бір тиын да төлемегенін баяндайды. Осы мәселемен оның бармаған жері, баспаған тауы қалмапты.
«Еш нәтиже болмаған соң, қоғамдық қозғалысқа кіріп, бірлесіп күресуге шешім қабылдадым», – дейді Валентина Чикимова.
Осы секілді «түйіндері шешілмеген» мәселелері көп, баспанасыз жүрген қала тұрғындары биліктен жәй сөз емес, нақты шешім күтеді. Бұл мәселеге қатысты Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун наразылық білдірушілердің алдында билік нақты қадам жасап жатыр деумен ғана шектеліп, «үкімет үйінің алдында шеру өткізбей, сәрсенбі күні әкімдікке келіңдер, проблемаларыңызды қарайық» деп жауап қайтарды.
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айының басында парламенттің екінші сессиясының ашылуында дағдарыстан шығатын қор құрылатындығын мәлімдеген болатын. Онда банктерге несиесін төлей алмайтындарға, үлескерлерге аталмыш қордан көмек беріледі деген еді.
«Несиесін төлей алмайтындардың пәтерлерін жаппай алу, банктер үшін де тиімсіз, одан екі жақ та зардап шегеді, сол үшін осы қорды құрып отырмыз», – деген еді президент Назарбаев. Алайда, қала тұрғындары осы мәселенің де оңтайлы шешімі табылатындығына сенбейді.