Ғани Қасымовтың есептеуінше, егер үкімет осыдан екі жыл бұрынғы парламент депутаттарының оффшорлық аумақпен күрес жөніндегі ұсынысын қолдағанда «Қазатомпром» ұлттық компаниясы бюджетінің жымқырылуының алдын алуға болатын еді, — деп хабарлайды ҚазТАГ:
«Біз осыдан екі жыл бұрын оффшорлық аумақтарды жою, Салық кодексіне күрес шараларын енгізу туралы айттық. Сол кезде депутаттарды қолдағанда, қазіргі «Қазатомпромның» айналасындағы мәселе болмаған болар еді», — деді сенатор.
Депутат бұған қоса бюджет қаржысын пайдаланудағы сараптама жүйесінің жетілмегендігін атап өтті. Ғани Қасымовтың пікірінше, ел парламенті 100 млн доллардан асатын барлық мемлекеттік келісімдерге міндетті ратификация енгізу керек.