Бүгін Үкімет үйінде «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын «КЕПКО-Самсунг» консорциумы, «Қазақмыс» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның еншілес кәсіпорны) арасындағы сатып алу-сату жөніндегі келісімге қол қойылды, — деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес, мына компаниялар Балқаш жылу электр станциясының құрылысына Самұрық-Энерго» АҚ - 25%+1 акция үлесімен, «КЕПКО-Самсунг» консорциумы - 70% - 1 үлесімен, «Қазақмыс» АҚ - 5% үлесімен қатысады.
2009 жылдың 26-наурызында Балқаш ЖЭС құрылысы жөнінде «Самұрық-Энерго» мен оңтүстік корейлік электр энергетикалық «КЕПКО-Самсунг» консорциумы арасында келісім жасалынған болатын.
Жобаның мақсаты — елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оңтүстік аймақтың электр энергиясына деген тапшылығын қанағаттандыру. Электр қуаты өндірісінің көлемі 2640 МВт құрайды. Жобаның құны — 4,5 млрд. АҚШ доллары.