Accessibility links

Байқоңыр басты ғарыш айлағы болып қала береді


"Амур облысында "Восточный" деп аталатын ғарыш айлағы жоспарланғанына қарамастан, Ресей мен Қазақстан Байқоңырдың мүмкіндігін бірлесе отырып арттыра беретін болады" деген ойды дүйсенбі күні "Роскосмостың" басшысы Анатолий Перминов айтқан.

"Қиыр Шығыста Ресейдің өз ғарыш айлағы салынса да, Байқоңыр бұрынғысынша жетекші ғарыш айлағы болып қала береді,-" деп мәлімдеген ол.

Перминов Байқоңырдағы жұмыстарды қысқарту Ресейге де, Қазақстанға да тиімді емес деп атап көрсете келіп, 2020 жылға қарай одан "Союз" кемесі мен "Протон", "Зенит" ауыр зымыран тасығыштары ұшырылатынын айтқан.

Әлемдегі ең ірі және бірінші "Байкоңыр" ғарыш айлағы Қазақстан жерінде, оның жалпы көлемі 6 717 шаршы шақырым болады.

Байқоңырды" Ресей жылына 115 миллион долларға жалға алып отыр.

Ресейдің "Восточный" ғарыш айлағының құрылысын 2011 жылы бастау жоспарланған.

XS
SM
MD
LG