Accessibility links

Тоқтар Әубәкіровті өз атындағы көшеден қалай қуғандығы жөніндегі бейнежазба


Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

Азаттық радиосына биылғы мамыр айының 20-сында билік өкілдері қазақтың тұңғыш ғарышкері генерал Тоқтар Әубәкіровтің Қарқаралы қаласының тұрғындарымен кездесуіне қалай бөгет жасағаны туралы бейнежазба келіп түсті.


Қарқаралы қаласының тұрғындарымен кездесуге барған оппозициялық «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбілев, партия президиумының мүшелері Тоқтар Әубәкіров пен Балташ Тұрсымбаевтар билік өкілдерінің тосқауылына тап болды. Жергілікті атқамінерлер Алматыдан барған қонақтардың дереу келген іздерімен кері қайтуларын сұрады. Қарқаралыдағы Тоқтар Әубәкіров атындағы көшеде болған бұл оқиға жерлестерімен кездесуге келген Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Совет Одағының Батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы, запастағы генерал-майор Тоқтар Әубәкіровтің көз алдында өтті.

Тоқтар Әубәкіров – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тумасы. Оны үн-түнсіз зейнет демалысына шығарып, қоғамдық өмірден аластап тастағанына да біраз болған. Өткен жылы Тоқтар Әубәкіров «Азат» партиясының қатарына кірді.

Бейнежазбаның бас жағында Тоқтар Әубәкіров серіктерімен бірге оны Қарқаралы халқымен кездесуге жібермей қойған жергілікті биліктің іс-әрекетіне таңданып, мұндай «қошеметті» күтпегенін айтады.

– Мені өз ауылымда дәл осылай қарсы алады деп ойламаған едім. Бұл жерге жау келіп қалғандай жұрттың бәрін қорқытады. Бір кездері мен осы жаққа келгенде ине шаншар орын болмаушы еді. Олардың өздері алдымнан жүгіріп шығып, күтіп алатын. Енді мынадай жағдай болып жатыр, – дейді Тоқтар Әубәкіров.

Жиналыс Тоқтар Әубәкіров атындағы көшедегі «Сарыарқа» кафесінде болады деп хабарлаған еді «Zona.kz» интернет-газеті. Кафені жалға алу ақысы кездесуден үш күн бұрын төленген. Жергілікті билікке де ресми түрде ескертілген болатын. Алайда кездесу болатын уақытта кафенің есігі тарс бекітулі тұрды. Кафе егесінің айтуынша, өртке қарсы күрес қызметкерлері кафені аяқ астынан жауып, мөрлеп тастаған, деп жазады «Zona.kz» интернет-газеті.

Сол төңіректің барлығын полицейлер қоршап алған. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен және оппозициялық саясаткерлермен кездесуге жүз қаралы адам жиналған.

«Zona.kz» газетінің жазуынша, адамдар тек Тоқтар Әубәкіровпен амандасып үлгерген. Дәл осы кезде алаңға қала әкімінің орынбасары Серік Дүйсетаев келіп, бұл кездесуді рұқсат етілмеген митинг деп бағалаған.

Көп ұзамай жай киім кигендер мен полицейлер Болат Әбілевке тап берген. Оның қолынан тас қылып ұстаған құқық қызметкерлері оппозициялық саясаткерді жолдастарынан бөліп алып кетпек болған. Тек Болат Әбілевтің жақтастары саясаткерді қаумалаған полицияның қолынан жұлғандай етіп алып, оны тұтқындауға жол бермеді. Екі жақ қақтығысып қалды.

Болған оқиғаға қатты ашуланған Тоқтар Әубәкіров: «Сендерде ар-ұят деген бар ма? Форма киіп алып өздеріңді қазақпын деп есептейсіңдер. Сендерде бір мысқал да ұят жоқ!» – деді.

Осыдан соң «Азат» партиясының жетекшілері автокөлікке отырып Қарқаралыдан кетіп қалды.

Тоқтар Әубәкіров өз атындағы көшеден қуылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00
XS
SM
MD
LG