Accessibility links

Швеция прокурорлары WikiLeaks иесіне таққан айыбын қайтып алды


Швеция прокурорлары WikiLeaks сайтының иесі Джулиан Эссэнджға таққан зорлық жасады деген айыптарын қайтып алды. Прокурор Ева Фин таратқан мәлімдемеде, оған зорлық жасады деп күдіктенуге себеп жоқ делінген.

Осының алдында бұл елдің прокурорлары Эссанджды қыз зорлады деген айыппен қамауға алуға нұсқау берген болатын. Эссандж өзіне тағылған айыпқа еш негіз жоқ екенін айтты.

Қоғамға жарияланбаған құпия мәліметтерді ашып отыратын WikiLeaks вебсайты жақында АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирақтағы соғысына қатысты мыңдаған құпия деректерді жариялап жіберген.

Ол жақында тағы да Ауғанстандағы соғысқа қатысты 15 мың құпия мәліметті жариялайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG