Бүгін, ақтөбелік саясаткер Айдос Садықовтың әйелі Наталья Ешжанова, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Еуропаламентке және бірқатар халықаралық ұйымдарға үндеу жолдады. Онда соңғы кездері өзіне қатысты түрлі қорқыту-үркіту әрекеттері орын алып жатқандығы айтылған.
Ол бұл әрекеттердің артында Ақтөбе облысының басшылығы тұр деген сенімде. «Егер менімен немесе менің болашақ баламмен қандай да бір жайт болса, оған әкім Елеусіз Сағындықов кіналі болады. Себебі ол Айдостың ісіне қатысты айқай-шу шықпауына мүдделі», - дейді журналисттің әйелі Азаттыққа берген сұхбатында.
Шілденің 16-сы күні Ақтөбедегі оппозицияшыл саясаткер Айдос Садықов - «бұзықтық істеді» және «полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті» деген айыптармен 2 жылға түрмеге кесілді.
Тамыздың 26-сы күні Ақтөбеде облыстық сот Садықовтың үстінен шығарылған сот үкімін өзгеріссіз күшінде қалдырды.