Тәуелсіздік алғанда мен он алтыға жаңа келген «шоқ» едім. Кеңес Одағы қалыптастырған әдеп пен ибаны қыздар «сыпырып» тастап, «мальвина» мен «мини» киіп, аяқтарын (ибай-ай!) некей басып шыға келді. «Мини» мен «босоножка» келген соң қыздардың бойын либерализм меңдеп...
Қазақ қыздарының тарихы қызық.
Сөйткенше болған жоқ, бастарын шәлімен бүркеген «қара қарғалар» қыдиып-қыдиып шыға келді. Өте радикалды, қорқынышты көрінеді. Кемпір екені, қыз екені мәлім емес. Бұлар да өзгеріп, құбылып, әлем-жәлем болған қазақ қыздарының жаңа тобы екен. Сылқымдар бұрын да болған. Мынау су жаңа түр, соны келбет! Бұлар – қазақтан шыққан «ислам қыздары»! Әлгі қазақтан шыққан «америка қыздары» сияқты.
Пах! Беу! Қыздар өнер шығарды! Қыздар екі партияға бөлінді! Ең қызығы – ұстам жоқ. Не сылқ-сылқ либерал күлкі, не әлгіндей «хиджап»! Сауатты, сабырлы жігіттер мәдениетті, білімді, қылықты жар таба алмай дал болды. «Хиджаптардың» кейбірі бір кезде көзін ғана қалдырды. Астапыралла! Алайған екі-ақ көз! Кім қарап тұр?! Қасыңызда тұрса, бір түрлі «нервничить» етеді екенсіз. Сөйтіп он бес жыл өтті. Арты белгілі болды.
Қыздардың екі партиясы да жақсылық әкелмеді. Екі түрлі қыз. Ортақ жері – білімсіз. «Америка қыздары» қыдырып жүріп «ақылын төгіп алған». «Ислам қыздарына» бұ дүнияң қызық емес: «О, о, дүние!» Ал ана «америка қыздарының» ішінде оқта-текте өжеттері кездесіп жатады. Ең қызығы – мына «хиджаптар». Бұларды көп жерде жұмысқа да алмайды. Намаз, ораза уа ғайри дин һуким! Одан басқа – не эстетика, не этика – түк жоқ:
– Театр ма?
– Аулақ!
– Кино...
– Кәпірдікі!
– Фото...
– Не үшін!?
– Сабақ оқышы онда!
– Қызық емес!
«Енді не керек?» Сақалы кетпендей, тобығы түрілген, «иманы ислам тазалығы үстінде құрылған» (өз сөздері) бек радикал жігіт керек. Бойдақ жүргені иманына ауыр. Оқыса сақабалар тарихын ғана оқиды. Қазақстан тарихынан гөрі араб тарихы жүз есе дұрыс. Одан кейін қыздарына орамал салады. Мәдениет көкжиегі тарыла келе, осы хиджап қапасында қалған. Міне, он бес жылдан соң білдік, тойдық – бар құпия осы екен! «Адам құқы» деген қасиетті ұғым, оллаһи, ныспыға жоқ! «Орамал таға ма, тақпай ма, балаңыз өскенде өзі шешсін» десең (біреуіне айтып көріңіз өзіңіз!), сайтанның өзін көргендей алая қалады. Сөйтіп, қазақ қыздарының осы бір түрі террор жасайтын қыздардан аумай барады, тегі. Ал әлгі «сақалдарының тамыры жүректерінен басталатын» (өз сөздері) күйеулері балаларын мектепке бергісі жоқ. Мектеп орамал таққызбай қыздарын бұзады екен! Бірінші сыныптан бастап! Не деген сексуальный ойлар, а?! Сөйтіп, мектепке бара алмай отырған балалар бар қазір. Қып-қызыл наданға айналған ата-анасын емес, баланы аяйсың. Зәрем зәр түбіне кетеді. Мектепте жүрсе де, әке-шешелері орамалға бүркеп тастаған оқушыларды көргенде жүрегім езіледі, ауырады.
Еһ, қазақтың желөкпе қыздары-ай! Ақырын жүріп, анық басыңдаршы!
kondihul@yandex.kz