Бұл жайлы Азаттық радиосына ақпанның 9-ы күні Аброр Касымовтың әйелі Маргуба Худойберді-Ахунова хабарлады.
Қамаудағы босқынның зайыбы түрме әкімшілігінің жолдасына қоқан-лоққы көрсетіп, ауыр соққыға жыққанын айтады.
«Жолдасымды өткен аптаның аяғында көрген едім. Өзі қатты абыржып тұрды. Әлденеден сескенетін сияқты. Жан-жағымызда бейнекамералар тұрғандықтан ешнәрсені жарытып та айта алған жоқ» деді Маргуба Азаттық тілшісіне.
– Дүйсенбі күні БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасына жолығып, адвокатынан жолдасыма кіріп шығуын өтіндім. Ол шаруасы бітпегендіктен дәл сол күні бара алмады. Сейсенбі күні барған адвокат күйеуімнің сол жақ бүйрек тұсында жайылып кеткен ауыр соққы ізін өз көзімен көрген. Бұған дейін оның қабырғасының сынғанын дәрігерлер де растаған еді, – дейді Маргуба Худойберді-Ахунова.
Оның айтуынша, өткен аптада еріне прокуратурадан бірнеше адам келіп, өз еліне қайтаратынын айтып, «түрмеде бәрі жақсы» деген хатқа күштеп қол қойдыртқан.
Азаттық радиосына мұңын шаққан сұхбаттасымыз Аброр Касымовтың адвокат арқылы беріп жіберген, түрме әкімшілігінің әрекетіне наразы болып, медициналық көмек сұраған шағымын да көрсетті. Онда шағым иесі өзінің хал-ахуалының нашар екенін де баяндап өтеді.
Өзбек азаматының әйелі Маргуба Худойберді-Ахунованың пайымынша, Қазақстанның құқық қорғау органдары өзбек босқындарының мәселесін халықаралық ұйымдардың біліп қойып, шу шығармасын дейді.
«Біз ақпарат құралдарына хабарласып, түрлі ұйымдарға шағымданып жатқандықтан түрме әкімшілігі осылайша әрекет етуі мүмкін» деп болжайды ол.
Өзбек босқынының наразылық әрекеті туралы Адам құқығын қорғау бюросының қызметкері Денис Дживага да білетін болып шықты. Ол мұны босқынның адвокаты Анжелика Рахымбердинадан естіген екен. Азаттық тілшісімен сұхбаттасқан Денис Дживага бұл азаматтарға БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары арнайы мәртебе беруден бас тартқандықтан бұл іспен енді тек Адам құқығын қорғау бюросының мамандары айналысуы мүмкін екенін айтты.
– Өзбек азаматының әйелі Адам құқығын қорғау бюросына шағымын әлі әкелген жоқ. Әкелсе, қысым көру мәселесімен шұғылданатын маманға тапсырамыз, – деді Денис Дживага ақпанның 9-ы күні Азаттық тілшісіне.
Өзбек босқыны Аброр Касымовтың шағымы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінен де, қалалық прокуратурадан да жауап ала алмадық.
Ол 28 адамды өткен жылдың жаз айында жергілікті полиция «Мигрант» операциясы барысында ұстап, қамаған болатын.
Олар қазір Алматыдағы Әділет министрлігі мен ҰҚК-нің қамау изоляторында тұтқында отыр. Өзбекстанда террористік-экстремистік ұйымдарға қатысы бар деген күдікке іліккен бұл азаматтар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.
Қамаудағы босқынның зайыбы түрме әкімшілігінің жолдасына қоқан-лоққы көрсетіп, ауыр соққыға жыққанын айтады.
«Жолдасымды өткен аптаның аяғында көрген едім. Өзі қатты абыржып тұрды. Әлденеден сескенетін сияқты. Жан-жағымызда бейнекамералар тұрғандықтан ешнәрсені жарытып та айта алған жоқ» деді Маргуба Азаттық тілшісіне.
Маргуба Худойберді-Ахунова - қамауда жатқан өзбек босқыны Аброр Касымовтың зайыбы. Алматы, 9 ақпан 2011 жыл.
– Дүйсенбі күні БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасына жолығып, адвокатынан жолдасыма кіріп шығуын өтіндім. Ол шаруасы бітпегендіктен дәл сол күні бара алмады. Сейсенбі күні барған адвокат күйеуімнің сол жақ бүйрек тұсында жайылып кеткен ауыр соққы ізін өз көзімен көрген. Бұған дейін оның қабырғасының сынғанын дәрігерлер де растаған еді, – дейді Маргуба Худойберді-Ахунова.
Оның айтуынша, өткен аптада еріне прокуратурадан бірнеше адам келіп, өз еліне қайтаратынын айтып, «түрмеде бәрі жақсы» деген хатқа күштеп қол қойдыртқан.
Азаттық радиосына мұңын шаққан сұхбаттасымыз Аброр Касымовтың адвокат арқылы беріп жіберген, түрме әкімшілігінің әрекетіне наразы болып, медициналық көмек сұраған шағымын да көрсетті. Онда шағым иесі өзінің хал-ахуалының нашар екенін де баяндап өтеді.
Аброр Касымовтың соққыға жығылуына байланысты жедел дәрігерлік көмек көрсетуді өтініп, адвокат Анжелика Рахымбердинаға жазған шағымы. Алматы, 9 ақпан 2011 жыл.
«...Қазіргі кезде денемді сырқыратқан ауруға шыдау мүмкін емес. Бірақ соған қарамастан мені дәрігерге жібермей отыр. Бұған қоса қағаз бен қаламнан басқа барлық заттарымды тартып алып, өзімді қараңғы карцерге жападан-жалғыз қамап қойды» делінген Аброр Касымовтың шағымында.Өзбек азаматының әйелі Маргуба Худойберді-Ахунованың пайымынша, Қазақстанның құқық қорғау органдары өзбек босқындарының мәселесін халықаралық ұйымдардың біліп қойып, шу шығармасын дейді.
«Біз ақпарат құралдарына хабарласып, түрлі ұйымдарға шағымданып жатқандықтан түрме әкімшілігі осылайша әрекет етуі мүмкін» деп болжайды ол.
Өзбек босқынының наразылық әрекеті туралы Адам құқығын қорғау бюросының қызметкері Денис Дживага да білетін болып шықты. Ол мұны босқынның адвокаты Анжелика Рахымбердинадан естіген екен. Азаттық тілшісімен сұхбаттасқан Денис Дживага бұл азаматтарға БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары арнайы мәртебе беруден бас тартқандықтан бұл іспен енді тек Адам құқығын қорғау бюросының мамандары айналысуы мүмкін екенін айтты.
– Өзбек азаматының әйелі Адам құқығын қорғау бюросына шағымын әлі әкелген жоқ. Әкелсе, қысым көру мәселесімен шұғылданатын маманға тапсырамыз, – деді Денис Дживага ақпанның 9-ы күні Азаттық тілшісіне.
Өзбек босқыны Аброр Касымовтың шағымы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінен де, қалалық прокуратурадан да жауап ала алмадық.
Аброр Касымовтың 5 жасар ұлы Темір анасы Маргубамен бірге шатырда тұрып жатыр. Алматы, 27 желтоқсан 2010 жыл.
27 жастағы Аброр Касымов – Қазақстанда босқын мәртебесіне ие бола алмай, Алматыда қамауда жатқан 28 өзбек азаматының бірі. Ол 28 адамды өткен жылдың жаз айында жергілікті полиция «Мигрант» операциясы барысында ұстап, қамаған болатын.