Бүгін Гаага халықаралық трибуналы босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Ратко Младичтің ісі бойынша сот тыңдауын бастайды.
Қазір ол Гаага түрмесінің ауруханасында жатыр деп хабарланды.
Сейсенбі күні Белградтан Гаагаға әкелінген 69 жастағы Ратко Младичке 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағылған.
Ратко Младич 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада Сербияда ұсталған болатын.