Accessibility links

Париж соты Лола Каримованы "диктатордың қызы" деп мойындады


Лола Каримова - өзбек президентінің кіші қызы. Париж, 8 сәуір 2009 жыл.
Лола Каримова - өзбек президентінің кіші қызы. Париж, 8 сәуір 2009 жыл.
Париж соты Өзбекстан президентінің қызы Лола Каримова-Тиллаеваның француз ақпарат вебсайтының үстінен берген арызын қанағаттандырмады.

Шілденің 1-і күнгі сот шешіміне сәйкес, Лола Каримованы "диктатордың қызы", Өзбекстан президентін "диктатор" деп атаған Rue89 сайтының журналисі Огустен Скалберттің мақалаларында айтылған пікірлер ақиқат деп танылды.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кіші қызы әрі ЮНЕСКО-дағы Өзбекстан елшісі Лола Каримова франциялық басылымнан моралдық шығын ретінде 30 мың еуро талап етіп, президент әкесін "диктатор" деген аталмыш онлайн газетті сотқа берген болатын.
XS
SM
MD
LG