Accessibility links

Сербия іздеуде жүрген соңғы күдіктіні ұстап берді


Горан Хаджич 1993 жылы 6 ақпанда америкалық тілшілерге сұқбат беріп тұр.
Горан Хаджич 1993 жылы 6 ақпанда америкалық тілшілерге сұқбат беріп тұр.
Белградтан түскен хабарларға қарағанда, БҰҰ соғыс қылмыстары жөніндегі трибуналы іздеу жариялаған соңғы күдікті Сербияда тұтқынға алынды.

Горан Хаджич соғыс кезіндегі хорватиялық серб жетекшісі болған. Ол Хорватиядан бөлініп алған Крайне Серб аймағы лидерлерінің бірі болды.

Гаага Соты Хаджичті адамзатқа қарсы қылмыс жасады, оның ішінде жүздеген адамды өлтірді деп айыптап отыр. 1991-1995 жылдардағы Хорватия соғысында мыңдаған серб емес ұлттар аймақтан шығарылған.

Хаджич соғыс кезіндегі генерал Ратко Младич мамыр айында ұсталғаннан кейінгі Гаага соты сұраған Сербияның соғыс қылмыстары бойынша соңғы күдіктісі болған. Ол сегіз жыл бойы қашып жүрген.
XS
SM
MD
LG