Accessibility links

Айдос Садықов қоныс колониясына ауыстырылмайтын болды


Айдос Садықов.
Айдос Садықов.
Жұма, тамыздың 19-ы күні УКА 168/2 түрмесінің комиссиясы осында жазасын өтеп жатқан оппозициялық саясаткер Айдос Садықовтың қоныс колониясына ауыстыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Сейсенбі күні Азаттық радиосына оның жұбайы Наталья Садықованың айтуынша, комиссия Садықовты қамаудағы шарттың "жазасын жеңілдетуге жатпайтындығымен" түсіндірген.

Айдос Садықов маусымның 9-ында жазасын жеңілдетіп өтеу жөнінде өтініш берген болатын.

Ол 2010 жылдың шілде айында "билік өкіліне қарсыласып, бұзақылық жасағаны" үшін айыпталып, екі жылға сотталған еді. Биылғы ақпан айында өзін қоныс колониясына ауыстыруды өтінгенімен, комиссия оны да қабылдамады.
XS
SM
MD
LG