Азаттық радиосы Форумхана жобасы арқылы әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өмірдегі түрлі өзекті мәселелер бойынша пікірталасқа шақырады.
1. Конституцияға өзгеріс енгізуден басқа қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейтетін қандай амал бар?
2. Қазақстан азаматы ретінде әр адам тілді жандандыру үшін не жасай алады және қандай шаралар арқылы қазақ тілінің қоғамдағы қолданысын, қажеттілігін арттыруға болады?
3. Жастарды қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыру үшін не істеу керек?
4. Қазақ тілді вебсайттар тілді дамыту шараларын жүргізу керек пе?
5. Бұрынғы совет елдері құрамында болған мемлекеттердің өз ана тілдерін сақтап қалу үшін жасаған шаралары мен тіл саясаты үлгісін Қазақстанда қарастыруға бола ма?