АҚШ-тың ресми өкілдері хабарлағандай, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Өзбекстан президентімен кездесуінде, Ислам Каримовты адам құқықтарын сыйлауға шақырған.
Сенбі күні Ташкентке АҚШ-тың ресми делегациясын бастап барған Хиллари Клинтонның сапары қыркүйек айында АҚШ Өзбекстанға қарсы 7 жылдық шектеуін алып тастаған соң болып отыр. Ол шектеулер президент Ислам Каримов режимінің адам құқықтарын бұзып отырғанына қатысты енгізілген.
Ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Каримов Клинтонмен кездесуінде, Өзбекстанда демократиялық реформалар жасап, халықтың азаттығы бойынша прогрестер жасауға сөз берген.
Ислам Каримов Өзбекстанды 20 жылдан артық басқарып отыр.