Қазақстанның “тәуелсіз ел” атанғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елдің жеткен жетістіктері мен кемшін тұстарын өз өміріміз арқылы бір шолып өту үшін төмендегі сауалдардың төңірегінде ой бөлістік.
1. Қазақстанның тәуелсіздігін жеке өзіңіз қалай түсінесіз һәм қалай сезінесіз?
2. Сіздің пікіріңізше, соңғы 20 жыл ішінде елде болған ең үлкен өзгеріс не?
3. 1991 жылдан бері жеке өміріңіз, көзқарасыңыз қандай да бір трансформацияға ұшырады ма? Өз басыңызға қатысты ең маңызды өзгеріс деп нені айтар едіңіз?
4. Қазақстанның тәуелсіздігіне төніп тұрған қандай да бір қауіп бар ма?
5. Тәуелсіз елдің азаматы ретінде жеке бас бостандығыңыз бен құқықтарыңызға ең зор қауіп қайдан, кімнен төніп тұр деп ойлайсыз?
6. 20 жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Мызғымастай көрінген СССР-дің өзі небәрі 70 жылда күйреп тынды. Жас Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін баянды ететін нәрсе не деп санайсыз?